Атырау, 29 наурыз 14:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қайырлы таң», мұнайлы астана тұрғындары!

4 261 просмотра


Бүгін таңда Атыраудағы көп ауданның тұрғындары пәтерлерінде ыссы және салқын судың, газдың, ал Авангардта жарықтың жоқ екенін білді. Тұрғындар қалың ұйқыда жатқанда қалаға құдды ақырзаман хабаршылары келгендей.  

Таң ертемен Атырау облысы әкімдігінің Телеграмм чат-каналында жұмысқа барар кезде жуына алмай қалғандарына наразы болған қала тұрғындарынан шағымдар көп түсті.  

- Су жоқ! Суық су да, ыстық су да. Бұл қандай «қайырлы таң»? Жұмысқа қалай барамыз? – деп жазады чатқа қатысушы Ольга.

- Қисынсыз нәрсе! Бүкіл қаланы қалайша сусыз қалдыруға болады? - дейді Руслан.

Осындай сипаттағы хабарламалар арасынан әкімдіктің баспасөз қызметінің де хабарламасы бой көрсетіп қалады:

- Қазіргі уақытта сорғы станцияларында суық су беріле бастады. Әзірге су қысымы 1 атмосфера, монтаждау жұмыстары аяқталды. Құбырлар салқындаған соң қалаға 1-1,5 сағат ішінде суық суды толықтай беру жоспарланған. Жылу жүйесіндегі апатқа байланысты ыстық су беру тоқтатылды. «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның гидравликалық сынау жұмыстарынан кейін көп ұзамай ыстық су беріледі. Бұдан бұрын «Атырау Су Арнасы» түнгі уақытта суық су болмайтынын, жүйеге тексеру мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Осы жұмыстар барысында газ беру де тоқтатылды. Суық су берілді, енді газ беріледі.

Тиісінше, жылы су жүйесі де сынақтан өтеді. Бұл жұмыстар қыс мезгілінде төтенше жағдай болмас үшін алдын ала жүргізіледі. Осы себепті сіздерден шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз!

Жарыққа қатысты: «АЖ» тілшісіне «Атырау Жарық» АҚ-ның апат қызметіндегілер мұның Авангард тұрғын үй массивіне ғана қатысты жоспарлы түрде ажыратылғанын, жарықтың түске таман берілетінін хабарлады.

Ал әзірге басқа жолдарын қарастыра беріңіздер, әйтпесе, кім білген. Қызық, билік осы жоспарлаудың не екенін біле ме екен?

Анастасия АЛЮШИНА

18 қыркүйек 2019, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.