Атырау, 25 сәуір 10:37
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Нұрлан Ноғаев драма театрды қысқа дейін қалпына келтіруді тапсырды

3 817 просмотра


Бүгін, 24 тамызда Атырау облысының әкімі М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрын қалпына келтіру жұмыстарының басталу барысын тексерді,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Драма театрды қалпына келтіру жұмыстары өрттен кейін жедел түрде басталды. Қазір нысанда 22 компания жұмыс істеп жатыр, олар театрды өз қаражаттарына қалпына келтіріп беруге бастама көтерген.
 
Қазір театр ғимаратының шатыры, электр желілері мен сыртқы қасбетін қалпына келтіру, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр,- дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов. - Сонымен қатар, 12 бірлік арнайы техника тартылып, 200-ден астам адам жұмыс істеуде. Театр ұжымы да тыс қалмай, қалпына келтіру жұмыстарына белсенді атсалысуда.

Театр ғимаратын аралап шыққан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өртке себепкер болған электр тұстаманы күрделі жөндеу жүргізілген кезде жаңартпаған театр басшылығын сынға алды. Облыс әкімі жағдайды жан-жақты саралап, кінәлілерге шара қолдануды тапсырды.

Театр ғимараты жаңартылып, биыл мамыр айында ашылған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары барысында  сахна жөнделіп, креслолар мен акустикалық жабынды алмастырылды, көрермен залын жарықтандыру техникасы жаңартылды. 

Бұл барлық облыс тұрғындары үшін үлкен сын болды, бірақ адамдардың немқұрайлы қарамағандықтарының арқасында қалпына келтіру жұмыстары өрттен кейін біраз сағаттан соң басталды, - деді Нұрлан Ноғаев. - Көп жұмыс істеу керек, асығыстыққа жол беруге де болмайды, қыс түскенше уақытымыз бар. Мамандардың бағалауынша, үш ай ішінде қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтаймыз.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

24 тамыз 2019, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.