Атырау, 24 сәуір 10:19
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ақша айырбастау тәртібін өзгерту жобасы екіұдай пікір туғызды», «Билікшіл БАҚ наразылықты қалай көрсетті?», «Қазақ КСР және Ресей Федерациясы кімнің отары болды?», «Белгілі этнодизайнер бүгінгі тойдың кемшілігін атады».

4 194 просмотра

AZATTYQ.ORG «Ақша айырбастау тәртібін өзгерту жобасы екіұдай пікір туғызды» - Ұлттық банк ақша айырбастау орындарының жұмысына бірқатар шектеу енгізуді ұсынды. Көпшілік талқысына шығарылған жоба бойынша, айырбас орындары таңертеңгі сағат 10-нан 19-ға дейін жұмыс істейді, жарғылық капитал көлемі 100 миллион теңгеге дейін ұлғайтып, оның 20 пайызын екінші деңгейлі банктерде сақтауға міндетті және клиенттердің жеке деректерін тіркеп отырады. Бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ақша айырбастау орындарының иелері "ұсыныс күшіне енсе, елде 1990 жылдардағыдай валюта сататын "қара базар" пайда болады" деп қауіптенеді. 

«"Қаңғыбастар, қиялилар мен сығандар". Билікшіл БАҚ наразылықты қалай көрсетті?» - Мәскеуде ондаған мың адам биліктен әділ сайлауды талап етіп жатыр. Мемлекеттік арналар мен билікшіл БАҚ наразыларды елдің шырқын бұзып, Қырымды Украинаға қайтаруды қолдайтын, дәстүрлі құндылықтарға қарсылар ретінде, кейбірін тіпті шеруге музыка тыңдау үшін келген деп көрсетуге тырысады.

«"Балаларым тез бейімделді". Сириядан оралған ақтөбеліктер» - Сириядан кішкентай екі баласымен елге оралған 24 жастағы ақтөбелік келіншек отбасының жаңа өмірге қалай бейімделіп жатқаны туралы Азаттыққа айтып берді. Ол ересектерге қарағанда жаңа ортаға балалар тез үйренгенін айтады.

«Орталық Азиядағы жабық елдің сән-салтанаты мен жұпыны тірлігі» - Фотограф Амос Чаппл бұл суреттерді Түркіменстанға 2012 жылы жазда барғанда түсірген. Әлемдегі ең жабық елдердің біріндегі өмірді көрсететін суреттердің кейбірі алғаш рет жарияланып отыр.

CAMONITOR.KZ. «Қазақ КСР және Ресей Федерациясы кімнің отары болды?» - «Қазақ КСР-ң саяси дербестігі болмағандығы үшін ғана оны отар деп есептеуге болады, өйткені оның басшылығы одақ орталығының (ол тіпті республика территориясын да өз қалауы бойынша пайдаланған) директиваларына үнсіз бағынуға мәжбүр болған». Бұл өте мықты дәлел сияқты. Бірақ мұнда екі қарама-қарсы сұрақ туындайды. Біріншісі – ал біз өзіміз және біздің элита саяси тұрғыда толығымен дербес болуды қалады ма? Екіншісі – бұл жағдайда нені немесе кімді метрополия деп есептеу керек?  

ABAI.KZ. «Қазақ қоғамындағы алып үш пассионарлық топ» - Қазнеттегі телі-тентек,  қызылордалық Еркін Сәрсенбаев бауырымыздың «Три пассионарные группы в казахстанском обществе» атты пайымдауын «Abai.kz» аударып ұсынып отырмыз. Он жыл бұрын Қазақстанда ешқандай шеру болған жоқ, әлеуметтік желіде ешкім билікке қарсы ештеңе жазбайтын еді. Ал, қазір бәрі қойыртпақталып, әр апта сайын халықтық бас көтерулер орын ала бастады.

INFORMBURO.KZ. «Шет тілін үйрену үшін шетелден тіл курстарын қалай таңдауға болады?» - Білім нарығы шетелден тіл үйрену бойынша түрлі қызықты бағдарламалар ұсынады. Шет тілінде сөйлеуге үйренудің ең жақсы әдісі – сол тілде еркін сөйлейтін адаммен қарым-қатынас орнатып, айналаңды сол тілмей толықтай байланыстыру. Бұған ең ыңғайлы уақыт – жаз. Дәл қазір адамдар ағылшын, испан, неміс тілін шетелде оқып үйрену сұранысын көп пайдаланады.

365INFO.KZ  «Қазақстанға Ресейден және Өзбекстаннан көшіп келетіндер көп» - Бірінші жартыжылдықта жарты миллионнан астам адам Қазақстан ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған. 

SPUTNIKNEWS.KZ «"Не деген көргенсіздік!": Белгілі этнодизайнер бүгінгі тойдың кемшілігін атады» -  Ырза Тұрсынзаданың пікірінше, әншілерді жалдап, соларға баланың тұсауын кестіріп, қызды шығарып салғызу дұрыс емес.


15 тамыз 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.