Атырау, 19 сәуір 00:24
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Дидим жас дарындарға қошемет көрсетті

Сурет
5 114 просмотра


Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының шәкірттері түріктің Дидим қаласында халықаралық «Turkish Hope» балалар шығармашылығы байқауында табысты өнер көрсетті. Вокалистер байқауында 12 жастағы жеке орындаушы Арсен Жәнібек гран-при жеңіп алды. Түркияға сапар алдында педагогтар Әлия Қуанғалиева мен Айжарқын Темір халық аспаптар оркестрінің жеті қатысушысынан «Сұлужан» атты бірегей қобызшылар ұжымын құрған. Ансамбльдің дебюті Дидим қаласында болды.

Қобыз сазы қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етті. Қыздар сазды ұлттық нақышта керемет орындап, жоғары баға алды. Енді ансамбль биыл Молдова мен Грекияда өтетін музыкалық фестиваль ұйымдастырушылардан шақыртулар алды.

Тағы бір Гран-приге өз бағдарламасы бойынша екі ұлттық би орындаған «Айжан қыз» хореографиялық ансамблі ие болды. Ансамбльге Айжан Артығалиева жетекшілік етеді.

Жас суретшілер де өнерлерімен таң қалдырды. Арина Бакрирова далада жайылып жүрген жылқыларды суреттесе, Іңкәр Құрманбаева қазақ келінінің келбетін әдемі бейнелеген. Ал ең кішкентай қатысушы, 8 жасар Зере Саясат Каспий теңізін мекендеген су перісін сомдапты. Жас суретшілердің талантын көрермендер де, қазылар алқасы да жоғары бағалады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Кіші Өнер академиясы ұсынған сурет

2 шілде 2019, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.