Атырау, 29 наурыз 18:25
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Енді тұрбалар таттанбайды

3 436 просмотра

15-ші ақпанда Атырау полиэтилен тұрбалары зауытында композитті металл-пластик тұрбаларды шығаратын екі желі іске қосылды.

Салтанатты рәсімге «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Джей ДЖОНСОН, облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Қайыргелді ҚАБЫЛДИН қатысты.

Жаңа өндіріс «Шеврон» компаниясына тиесілі жұмыс жасап тұрған полиэтилен тұрбалары зауытының базасында құрылған.

«Атырау полиэтилен тұрбалары зауытының қазіргі кеңеюі Қазақстан экономикасының әрі қарай дамуына және диверсификацияға қатысты «Шеврон» компаниясының ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тағы бір мысалы боп табылады», - деді рәсімде Джей Джонсон.

Полиэтилен тұрбалары зауытын кеңейту жөніндегі жобаның жалпы құны 15,5 млн. доллар құрады. Іске қосылған екі желіде диаметрі 12-ден 40 мм-ге дейінгі тұрбалар шығарылатын болады. Жыл аяғына дейін диаметрі 40-тан 100 мм-ге дейінгі тұрбалар шығаратын үшінші желіні іске қосу жоспарлануда. Барлық үш желідегі жалпы өндіріс жылына 2000 тонна құрайды.

Жаңа өндірісте 37 қазақстандық жұмысшылар мен шамамен 15-тей мердігер жұмыс жасайтын болады.

Жобалаған сәттен бастап құрылыс аяқталғанға дейінгі процесс бір жарым жылды құрады: «Бастапқыда жобалаушы топ полипропилен тұрбаларын, полиэтиленнен жасалған металл-пластик тұрбаларын, ПВХ тұрбаларын шығару мәселесін қарастырды. Алайда нарық пен сұранысты зерттеу нәтижесінде, металл-пластик тұрбаларға тоқталдық», - деді «Шеврон» компаниясының бизнесті жоспарлау және дамыту жөніндегі менеджері Омар АБДИЕВ.

Қазақстанда шығарылған металл-пластик тұрбалар жылу жүйесі мен ыстық сумен қамту жүйесінде қолданылуы мүмкін. Жаңа өнімдердің артықшылығы сол – металл тұрбалардан айырмашылығы - ол таттанбайды және жоғарғы температураға төзімді боп келеді. Олардың қызмет ету мерзімі 50 жылға дейін.      

Келер жылы «Шеврон» коммуналдық мұқтаждықтар үшін тұрба құбырлары арматураларын шығаратын жаңа зауытты пайдалануға беруді жоспарлауда. О.Абдиевтің айтуынша, биылғы жылы нөлдік циклды жобалау және салу жұмыстары басталмақ. Іске қосу-реттеу жұмыстары 2012 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Жаңа зауыт полиэтилен тұрбалары зауытының жанында орналасқан. Жоспарланған қуаттылық – жылына 30 мың қозғалыс. Құрылыс кезінде 100-ге дейін, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 60-қа дейін жұмыс орындары құрылатын болады. Жобаның жоспарланған құны – 35-50 млн. доллар.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

16 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.