Атырау, 24 сәуір 10:13
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ресейде Facebook пен Twitter-дің үстінен іс қозғады

1 445 просмотра


Роскомнадзор (Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияны бақылау жөніндегі федералдық қызметі – ред.) Facebook пен Twitter-ге қарсы әкімшілік іс қозғады. Аталған әлеуметтік желілер ресейліктердің жеке мәліметтерін қалай сақтайтыны туралы ақпарат бермеген.

Мекеме өкілінің айтуынша, америкалық компаниялар олардың сауалдарына "жалпылама жауап" берген. Жауап хатта Ресей заңдарын қазір қалай орындап жатқаны, болашақта қашан және қалай орындайтыны туралы мәлімет берілмеген.

Роскомнадзордың баспасөз қызметі "Медуза" басылымына Facebook пен Twitter-дің үстінен ақпарат бермеу туралы бап бойынша іс қозғалғанын растады. Бұған дейін мекеме жеке мәліметтерді сақтау туралы мемлекеттік органдарға ақпарат бермегендерге бес мың рубльге дейін айыппұл салынатынын ескерткен.

Дереккөз: azattyq.org

22 қаңтар 2019, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.