Атырау, 25 сәуір 15:48
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы білуге болады

2 334 просмотра


Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нəтижелерін үйден шықпай-ақ, Telegram-бот арқылы білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

«ҰБТ нəтижелерін алу үрдісі үнемі жетілдіріліп отырады. Бұрын-соңды тестілеу нəтижелері арнайы тақташаларға ілінген болса, бүгінгі таңда ҚР БҒМ-нің басқа да қосымша мүмкіндіктері бар. ҰБТ-2018 нəтижелерін ендігі кезекте  Telegram-бот @edu.gov.kz немесе edu.mail.kz сайты арқылы үйден шықпай-ақ білуге болады: ол үшін тестілеуге қатысатын əрбір талапкерге берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, тестілеу қорытындыларын Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да білуге болады. Бұл орайда тестілеу нəтижелерін ТЖК арқылы əрбір талапкер өзі ғана көре алады. Жоғарыда көрсетілген ресурстарға ҰБТ нəтижелері ақпараттың өңделуіне байланысты жарияланып отырады.  

Еске сала кетсек, бүгін мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектердің алғашқы легі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр. 

Биыл республика бойынша мектеп бітірушілердің 70%, яғни 102 мыңы ҰБТ тапсырады. Астанада 6 мыңға жуық түлектің 90% тестілеуден өтеді. Мектеп бітірген 147 мың түлектің басым бөлігі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады. ҰБТ-да жалпы 80 мың сұрақ болады. 2018 жылға арналған Ұлттық бірыңғай тесті сұрақтары 50 пайызға жаңартылып отыр. 

Қазақстандық мектеп бітірушілерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге екі рет мүмкіндік беріледі. Екеуінде де қажетті балл жинай алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады.

Дереккөз: inform.kz

20 маусым 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.