Атырау, 25 сәуір 06:12
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан ресейліктер үшін ең үздік курорттар қатарына кірді

2 220 просмотра


Қазақстанға демалып келетін ресейліктердің саны 521 мыңға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылы Қазақстанға қыдырып келген Ресейліктердің саны 521 мыңнан асқан, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары көрсеткіш. Ресейлік туристер үшін ондыққа Қазақстаннан басқа Абхазия, Финляндия, Таиланд, Украина, Қытай, Эстони, БАӘ, Германия және Полша мемлекеттері кіреді.

Ресейден шетелге демалуға баратындардың саны осы жылдың бастапқы үш айында 12 пайызға, яғни 7,5 миллионға өсті.

2018 жылы ресейлік туристер үшін ең танымал 10 мемлекет:

Абхазия, 797 мың адам барған (+19%)
Финляндия, 737 мың адам (0%)
Қазақстан, 521 мың адам (+2%)
Таиланд, 491 мың адам (+29%)
Украина, 416 мың адам (+12%)
Қытай, 413 мың адам (-4%)
Эстония, 410 мың адам (+4%)
БАӘ, 353 мың адам (+68%)
Германия, 286 мың адам (+5%)
Польша, 265 мың адам (-3%)

Дереккөз: Baq.kz

11 маусым 2018, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.