Аналарға тамақ тиесілі емес

9 575 рет қаралды

- Неліктен жұқпалы аурулар ауруханасында тек бала емізетін әйелдер ғана тамақтандырылады? Онда да тамақ жартымсыз беріледі. Үш жасқа дейінгі балаларымен бірге жататын басқа аналарға ешқандай тамақ берілмейді. Ал егер шұғыл ауылдан жеткізілген балалы ана болса, қалада оған тамақ әкелетін ешкім жоқ қой?

Әлеуметтік желілерден

Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВТЫҢ айтуынша, ауруханадағы ас мәзірлері ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы №128 «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес есептеледі. Стационарлардың ережелеріне сәйкес, тамақтану тек бір жасқа дейінгі сәбилері бар емізетін аналарға ғана тиесілі. Ал егер бір жасқа дейінгі сәби жасанды жолмен тамақтандырылатын болса, онда анасына тамақтану тиесілі емес. 

23 қараша 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.