Атырау, 28 наурыз 22:00
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Жер митингілері" туралы іс: Кассациядан бас тартты

Бейнежазба
9 373 просмотра

ҚР Жоғарғы соты адвокат Төлепқали АЯНОВ пен қорғаушы Жанар БОҚАЕВАНЫҢ өтінішін кассациялық сатыдағы сотта қараудан бас тартты. Олар өз өтініштерінде Атырау қалалық №2 сотының үкімі мен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасының шешімінің күшін жойып, Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты қылмыстық істі олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатуды сұраған болатын.  

Жоғарғы соттың қаулысын олар бүгін, 14 сәуір күні, Жоғарғы сотқа екі ай бұрын өтініш бергеннен кейін алып отыр. Жоғарғы соттың судьясы Д. НҰРАЛИН өтінішті қараудан бас тартуы «сот актілерін қайта қарауға негіздің жоқтығымен» байланысты екенін түсіндіреді.

Атырауда «Жер митингісінің» өткеніне бір жыл болды. Боқаев пен Аянов бес жыл жаза мерзімін Петропавлдағы жалпы режимдегі ЕС-164/3 түзету колониясында өтеп жатыр. Олардың туыстары айтып өткендей, олар екі түрлі отрядта, бірақ серуендеу кезінде бір-бірін көріп, сөйлесе алады екен. Екі аптада бір рет оларға үйге телефон шалуға рұқсат етілген (15 минут әңгімелесуге). Сотталған екі белсендінің де аналары мен апа-қарындастары олармен кездесуге барып, екеуі де өздерін жақсы сезінетінін, ештеңеге шағымданбайтынын айтады.



Айнур САПАРОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

14 сәуір 2017, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.