Атырау, 28 наурыз 23:53
 ашықВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Конституция: Атыраудан сайланған депутат ҚР-дағы тұлғаның рөлі туралы

Сурет
10 564 просмотра
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытгүль ХАМЕНОВА. Фото: parlam.kz

Атырау облысынан сайанған парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл ХАМЕНОВА биліктің өклеттігін қайта бөлу мәселелері бойынша парламенттің бірлескен отырысында  Конституцияға президенттің айрықша рөлін айқындауды ұсынды және мемлекет басшысының есімін астана мен сондағы әуежайға беру туралы депутаттық идея туралы тағы бір еске салды. 

Айта кету керек, жас депутат Хаменова ханым, өзінің алдында сөйлеген спикерлерден монументтілігімен және салтанаттығымен бірден ерекшеленіп тұрды:

- Құрметті әріптестер, бұдан тура үш ай бұрын, осы залда «Қазақстан Республикасының  25 жылдық» тарихи күніне байланысты құнды құжат Декларация қабылданғанда: «…Ата Заңымызда  мемлекетімізді құрудағы тұңғыш президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей үлесін атап өту жөнінде» және сәулетті бас қаламыз - Астанамыз, еліміздің маңызды, ауқымды  нысандары  Елбасы есімімен аталса...» деген ұсыныс айтқан болатынмын. Конституциялық реформа жобасының жалпыхалықтық талқылауы барысында біздің сайлаушылар осы бастамаларды қолдап, тұңғыш президенттің есімін Астана халықаралық әуежайына және басқа да нысандар мен кәсіпорындарға беру туралы ұсыныстар айтылды.   

Біздің Елбасы стратегиялық идеялар мен реформалардың бастамашысы, қазақстандық мемлекеттіліктің нағыз сәулетшісі. Бүгінде Қазақстан тәуелсіздігі мен оның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев секілді тарихи ұғымдар бір-бірінен ажырағысыз егіз ұғымдарға айналған. Өңірлерді аралай жүріп, біз тағы да отандастарымыздың бізді қолдайтынына көз жеткіздік және қалың жұртшылықтың ойы егемендікті тұғырлы еткен Көшбасшымыздың саяси, тарихи  тұлғасын Ата Заңымызда айқындау ұсынысымызбен бір арнаға тоғысты. 

Ендеше, «Конституцияда белгіленген мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, басқару нысанын өзгертуге болмайды» делінген Конституциямыздың  91-бабы 2-тармағының жаңаланған нұсқасын, «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасының ерен еңбектері, тәуелсіз ұлттың қалыптасуына жасаған толағай табыстарын да ерекшелеп, бірегей үлесі аталып өту қажет» — деген мәтінмен толықтыруды ұсынамын.

Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы   Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Атырау облысы Атырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты. 1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы. 2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті. 2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.  

Наградалары: - «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісі (2010 жыл)   - ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл)  - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013 жыл) - «Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2014 жыл)  - «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2014 жыл) - «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 жыл) - «KAZENERGY» медалі (2015 жыл)  -  Экономика Мақтанышы» ордені (2015 жыл). Екі баласы бар.

Кейінгі сөз сөйлеген бірнеше депутат оны қолдады. Міне, олардың кейбірінің сөзі.

Мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:

- Менің алдымда сөйлеген депутат Хаменова және басқа да әріптестер Конституцияға тұңғыш президенттің мәртебесі мен тәуелсіз Қазақстанды құруда еңбегі сіңген және соны жалғастырып келе жатқан айрықша рөлін айқындауды ұсынды. Біз әріптестердің ұсынысын құптаймыз және оны өзекті әрі негізді деп санаймыз. Үлкен еңбектің жемісін пайдаланып қана қоймай, мойындап, бұл еңбекті бағалай білу керек.

Мәжіліс депутаты Павел КАЗАНЦЕВ:

- Біздің мемлекетіміздің құрылуындағы ұлт көшбасшысының бірегей үлесін айқындау туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған тарихи Декларациясы қабылданғаннан кейін қоғамда қызу талқыланды. Бұл бүгінде аталып өткендей, тұңғыш президенттің есімін астанаға беруге және  еліміздің басқа да нысандарын сол есіммен атауға қатысты болды. Мен де әлемдегі заманауи елордамыз Астанада тұрып жатқан байырғы целиноградтық ретінде бұл тек символикалық қана емес, ғажап астанамызды ғана емес, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған тұлғаға қатысты әділетті болар еді деп есептеймін.    

Отырыстан соң журналистер қос парламентттің бірлескен комиссиясының төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВКЕ сауал қойды: комиссия астана атауын өзгерту туралы мәселені қарастыра ма?

- Егер сіздердің естеріңізде болса, мемлекет тәуелсіздігінің 25 жылдығының Декларациясын қабылдауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында бұл тақырып тек талқыланып қана қойған жоқ, Декларацияның ресми мәтініне енгізілді. Екіншіден, депутат Хаменова бұл тақырыпты бірінші болып көтеріп, айтты. Сондықтан да, бұл ұсыныс заң жобасының мәтінінде болған жоқ, бірақ мен де өңірлерге шыққан депутат ретінде бұл ұсыныстың сөз болғанын айта аламын. Оның үстіне бүгінде мемлекет басшысы президенттік билік әлсіреп, қандайма бір теңсіздік орын алып жүрмесін деген алаңдаушылықтар жазылған хаттардың комиссияда болғанын айтты. Мен халықтың алаңдаушылығы осымен байланысты деп ойлаймын. Өйткені, тұңғыш президенттің есімін жазуды тектен-текке ұсынбайды ғой. Бұл жерде президент Назарбаев қалаған жаңа мемлекеттің негізіне айналған іргелі құбылыстарды, принциптерді сақтап қалу туралы айтылып отыр. Осы негіздерге тимеу керек. Дәл осындай міндетті, егер сіз мұқият тыңдаған болсаңыз, депутат Хаменова айтты, ал кейін әріптестер сөз етті. Біз осыны ести алдық.    


Қос парламенттің бірлескен комиссиясының төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВ.


- Астананың атын өзгерте ме?

- Бұл ұсыныс бүгінде айтылды, бірақ, комиссия жұмысты бастаған жоқ. Ол талқыланатын болады. Айтылғанның бәрі талқыланатын болады. Өз ұсыныстарын айтқан депутаттар оларды негіздеп беруге тырысты.  Біздің міндет сол негіздемелерді есту.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА, «АЖ» меншікті тілшісі, Астана қаласы

4 наурыз 2017, 22:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.