Атырау, 29 наурыз 13:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Прокурор ісі»: мүлкін тәркілеумен қатар 3,5 жылға жаза кесті

7 505 просмотра

Бүгін, 10 ақпанда №2 қалалық сотының судьясы Эльмира ОЙҚҰЛОВА Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВАҒА қатысты үкімді жария етті.

Оған «кіші әділет кеңесшісі» деген сыныптық рангтен және өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды қызмет атқару құқығынан айырумен, қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеумен қатар, жалпы режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау туралы» заң қолданылып, жаза мерзімі екі есеге қысқарды, ақырғы үкім – 3 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар, Смадьярованың кәмелетке толмаған екі баласын туыстары тарапынан қамқорлыққа алу туралы мәселе шешілгенге дейін мекенжай бойынша (Алматы қ., Астана қ.) қамқорлық және қамқоршылық органдарына беру туралы қаулы шығарылды.

Смадьярованың адвокаты Игорь ВРАНЧЕВ үкімге қатысты облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына шағымданатынын айтты.

Мұрат  СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 ақпан 2017, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.