Атырау, 20 сәуір 03:49
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Абаев конституцияның 26-бабын түзетуге қатысты түсінік берді

2 549 просмотра

Фото: Азаттық

Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев конституцияның 26 бабын өзгертуге қатысты туындаған дауға қатысты түсінік берді,- деп хабарлады Азаттық.

Қаңтардың ортасында Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлісу жайлы реформалар аясында конституцияның бірқатар баптарына өзгерістер енгізу ұсынылған. Солардың арасында конституцияның 26 бабының бірінші тармағында "Қазақстан азаматы заңды жолмен иеленген кез-келген мүлкін жекеменшігіне ала алады" деген сөйлемдегі "азамат" сөзін "әркім" деп өзгерту ұсынылған. Халық арасында бұл ұсыныс конституцияға енгізілсе онда шетелдіктердің Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін иеленуіне мүмкіндік береді деген алаңдаушылық тудырып, әлеуметтік желілерде оған қарсылық білдірушілер көбейді.

Абаев алдын ала жасалған талдаулар бұл ұсыныстың "жер кодексіне қайшы келмейтінін анықтағанын", себебі жер туралы кодекстің шетелдіктерге жалға жер беру мерзімін ұзарту туралы баптарына мораторий жарияланғанын айтты. Министр конституцияға ұсыныс меншік құқығын қорғайтынын айтады. Оның сөзінше, егер шетелдік Қазақстанға келіп, көлік сатып алса, онда оның бұл меншігі қорғалуы тиіс. Бірақ бұл құқық ауылшаруашылығы жерлеріне жүрмейді.

Дереккөз: Азаттық

7 ақпан 2017, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.