Атырау, 19 сәуір 08:16
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының ертең, 31 қаңтарда жазбаша түрде шығатынын айтты

Бейнежазба
1 799 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнаулы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мәлімдеме республикалық телеарналар эфирінде көрсетілді.

Арнаулы мәлімдемесінде Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының ертең, 31 қаңтарда жазбаша түрде шығатынын айтты. "Қасиетті Отанымыз Тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды. Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, "Қазақстан-2030" стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз. Ертең, қаңтардың отыз бірінде менің халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Бас тақырып - Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз. Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек". - деп хабарлады Қазақстан Президенті.

Дереккөз: Тengrinews.kz

30 қаңтар 2017, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.