Атырау, 19 сәуір 13:46
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Жер митингілері» туралыс іс: Еліміздегі кезекшілер және прокуратурадағы куәгер

Сурет
5 959 просмотра

15 қараша күні таңертеңгі отырыстың барысында сот Макс БОҚАЕВТЫҢ телефон әңгімелерінің жазбаларын зерттеп жатқан кезде дәлізден айқай-шу естілді. Аққыстау ауылының тұрғыны Бекболат МҰХАНАЛИЕВ сотқа екі азаматтық белсендінің суреті салынған күртеше киіп келген екен.

Ол баспасөзге былай деді:

– Сот ғимаратында полиция мен сот жасауылдары мұның пикетке теңестірілетінін меңзеп, күртемді шешуге мәжбүрледі. Неліктен Майкл Джексонның бейнесі салынған күртемен жүруге болады да, Макс пен Талғаттың суреті басылған күртені киюге болмайды? Ал жалпы біз, іс бойынша куәгерлер ретінде өтіп жатқан 236 адамның барлығы сәуірдегі митингке қатысушылармыз. Біз судьяға сот отырысында бізді тыңдау жөнінде екі рет өтініш бердік, бірақ жауап алған жоқпыз. Мен Макс пен Талғатты қолдау тобындамын, сот дәлізінде күн сайын кезекпен отырамыз.

Түскі үзілістен кейін сот заттай айғақтарды зерттеуді жалғастырды. Прокурордың өтініші бойынша судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВА Макс Боқаевтың анасының үйін тінту хаттамасын оқып шықты. Осының алдында қорғаушы Жанаргүл БОҚАЕВА Алматы қаласындағы ҚР Әділет министрлігінің «Сот сараптама орталығынан» жіберілген сараптама нәтижелері бар екі компакт-дискінің бірінің жоғалғандығы бойынша шешім қабылдамағандығын еске салды. Судья бұл мәселеге кейінірек оралатындығын айтты.

Хаттама оқылғаннан кейін қорғаушы іс жүргізудегі заң бұзушылық туралы жаңа мәлімдеме жасады: осы құжаттың жеті парағының біріне Макс Боқаевтың анасының – үй қожайынының қолы қойылмаған (тінту 20 мамырда жүргізілген, бұл уақытта ол әкімшілік қамауда болды).

Бұдан басқа, Ж.Боқаеваның айтуынша, хаттамаға куәгер – Атырау қалалық прокуратурасының стажеры Ғаділет АҚРАПОВ қол қойған. Алайда Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, құқыққорғау органдарының өкілдері куәгер бола алмайды.

- Оның құқыққорғау органдарына қатысы бар екенін дәлелдеңіз, - деп талап етті прокурор. Қорғаушы сотқа хабарландыру жазылған газет қиындысын ұсынды. Онда дуалды (жоғарғы оқу орнында теориялық, жұмыс орнында тәжірибелік – М.С.) оқытудан өтіп жатқан Атырау мемлекеттік университеті студенттерінің тізімі берілген. 3-курс студенті Ғ.Ақрапов қалалық прокуратурадан тәжірибеден өтіпті.

Сол күні судья ҰҚКД-нің тергеу тобының қаулысын оқып шықты. Онда, атап айтқанда, Боқаев пен Аянов елдегі жағдайды тұрақсыздандырғылары келгені айтылған. Залдағы қатысушылардың бірі мырс етіп күлді. «Күле беретіні несі?» деген сөздермен судья оны залдан шығарып жіберді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

16 қараша 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.