Атырау, 25 сәуір 20:53
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Экс-сенатор Зәуреш БАТТАЛОВА: Макс пен Талғатқа қарсы айыптаулар салмағын жоғалтуда

12 210 просмотра

Өткен аптада «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» басқармасының төрағасы, экс-сенатор, таяуда Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша сот процесіне бақылау жасаған Зәуреш БАТТАЛОВА Атырауға келді. Кетер алдында ол «АЖ» тілшісіне былай деді.

- Мен процеске төрт күннен бері бақылау жасап келемін және маған келесі жайттар айқын. Макс пен Талғатқа қарсы айыптау шын мәнінде бұзылады. Менің көз алдымда іс материалдарымен жете танысты, сарапшылардың негізгі бөлігі мен бірнеше куәгерлерден жауап алынды.

Айыптау тарапының куәгерлері – таныстырылған тергеушілер өз жауаптарынан жаңылды, құжаттар тиісті тәртіпте әзірленбегені анық. Куәгерлер тіпті тергеу амалдарын қай ғимаратта жүргізгендерін, қай уақытта аудио және бейнематериалдарды әзірлеп, содан кейін оларды сараптамаға жіберу үшін дискіге жазғандарын нақты түсіндіре алмай отыр.

Сарапшылардың басым бөлігі (ал бұл істе 29 сараптама жүргізілді) - филологтар, психологтар және саясаттанушылар.

Сарапшылардың бірінің филологтың базалық білімі, қосымша – заңгерлік білімі бар, бірақ ол саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Саясат саласында базалық білімі жоқ бола тұрып, ол қалайша диссертация қорғаған?

Сарапшылардың бірқатар ұғымдарға қате түсінік бергеніне таң қалуға болмайды. Мәселен, олар билік пен қоғамды әлеуметтік топтарға жатқызды. Сонымен қатар, аудио және бейнематериалдарды көру Макс пен Талғатқа деген үлкен құрмет тудырғанын атап өткім келеді. Телефондағы және Фейсбуктегі жария жазбалары мәдени сипатта жазылған, олар дөрекі, балағат сөздер қолданбаған. Олар осы жазбаларда өздерінің ұстанымдары туралы айқын сөйлеп, адамдарға митингіге тыйым салынғандығы туралы ескерту жасаған.

Бейнежазбаларда олар жиын бейбіт өтуі үшін бәрін жасаған азаматтар ретінде көрініп тұр және ешқандай заңбұзушылықтар мен бұзақылықтар орын алмады. Алаңға шыққан адамдардан өздерін лайықты ұстау, кездесуге келген облыс әкімі мен қала прокурорына құрмет көрсету туралы өтініш солардың аузынан шықты. Бұл олардың әлеуметтік алауыздықты тудырғысы келген бүлдіргі күштер емес екендігінің тағы бір көрсеткіші.

Митингіге тек «жер мәселесі» бойынша талаптар айтылды. Ешқандай саяси талаптар болған жоқ. Жер мәселесі бойынша, айтпақшы, мен осы жігіттерді толықтай қолдаймын. Елімізде сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде. Қомақты жер алаңдарын танымал адамдар – латифундистер бөліп алған. Азаматтарға жеке шаруашылық үшін ауылдық жерлерден 25 сотық және қаладан жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жерді қайтарымсыз беру туралы Жер кодексінің нормалары толықтай орындалмай отыр. Мен осы нормаларды орындау керек, сонымен қатар, жер ресурстарының қожайындары бойынша мен оларды пайдалану бойынша толықтай ашықтықпен қамтамасыз етілуі керек деп есептеймін.

Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялады. Осы пактіге сәйкес азаматтардың бейбіт жиындар өткізу еркіндігіне құқығы бар. Халықаралық стандарттар бойынша осы құқықты жүзеге асыру үшін хабарлау тәртібі болуы тиіс. Алайда, Қазақстанда бейбіт жиындар мен митингілер өткізу туралы заңға жергілікті атқарушы биліктен рұқсат алу туралы норма енгізілген. Осы нормаға сілтеме жасай отырып, қазір Макс пен Талғатты қылмыстық жауапкершілікке тартуда. Егер оларға қатысты сот айыптау үкімін шығарса, онда бұл Қазақстанның өзінің халықаралық міндеттемесін бұзғандығы болмақ.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қараша 2016, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.