Атырау, 20 сәуір 11:47
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Матаевтай Журналистер одағының төрағасы бар қазақстандық журналистердің бағы бар - сарапшы

4 712 просмотра

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Матаевтай Журналистер одағының төрағасы бар қазақстандық журналистерің бағы бар, деген сенімде атыраулық «Ақ жайық» газетінің редакциялық кеңесінің төрағасы Әбділдә Мұқашев.

«Журналистер одағының төрағасы, Журналистер одағын жандандырушы ретіндегі Сейтқазы Матаевтың жұмысына келсек, мен оның орнын басар адам жоқ деп санаймын. Бұл өте сирек кездесетін адам. Біздің, Қазақстан журналистерінің жолы болған. Себебі біздің осындай төрағамыз бар», - дед А.Мұқашев сейсенбіде ҚазТАГ агенттігіне.

Бұл ретте ол атап өткендей, Матаевтың ісі бойынша бірінші сатыдағы сот үкімі Қазақстанды сөз бостандығы рейтингінде соңғы жолға шығаруы мүмкін.

«Негізінде – мұның бәрі барып тұрған бұрмалаушылық және мен үкім дәл сондай болмау керек еді деп санаймын. Мен бұл Қазақстан беделіне өте нашар ықпал етеді деп ойлаймын. Біз онсыз да сөз бостандығы бойынша елдердің алғашқы ондығында емеспіз, ал енді мүлде Түркіменстанның деңгейіне түсіп қалдық, алайда ол жақта ең болмаса Журналистер одағының төрағасын соттаған жоқ, ал бізде соттады. Біз тіпті, біздің құрметті көршіміз - Түркіменстаннан төмен деңгейге түсіп қалуымыз мүмкін», - деді А.Мұқашев.

Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей, оны бұздырмақшы.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 қазан 2016, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.