Атырау, 19 сәуір 05:55
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сейтқазы мен Әсет Матаевқа шығарылған қатаң үкім БАҚ-тағы плюрализмге кері әсерін тигізеді - ЕҚЫҰ

4 557 просмотра

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ– ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселесі жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қазақстан журналистикасының екі белді тұлғасы – Сейтқазы мен Әсет Матаевқа шығарылған қатаң үкім БАҚ-тағы плюрализмнің дамуына кедергі келтіруі мүмкін, деп санайды.

«Мен Қазақстандағы сот жүйесінің тәуелсіздігіне ешқандай да ант ішкім келіп отырған жоқ, алайда мен қатаң үкімді (Матаевтарға шығарылған – ҚазТАГ) естігенде есеңгіреп қалдым. Бұл елдегі БАҚ бостандығына қауіп төндіруі мүмкін», - деді Д.Миятович.

Оның айтуынша, «нәтижесінде мұндай үкім Ұлттық баспасөз клубының медиа-алаңының жабылуына алып келуі, Қазақстандағы БАҚ-тағы плюрализмнің дамуына кері ықпалын тигізуі мүмкін».

Бұған дейін хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін С.Матаев өзінің соттағы «соңғы сөзінде» қылмыстық қудалауға тапсырыс берушілердің атын атаған еді. Аталған есімдердің қатарында парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин де бар. С.Матаевтың айтуынша, Н.Нығматулин одан қылмыстық істің жабылуына айырбас ретінде ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігін беруді талап еткен.

Адвокаттар үкімге шағымдануға ниетті. Адвокат Мәдина Бакиева нақтылағандай, аппеляция беру үшін Сейтақзы мен Әсет Матаевтардың кінәсіздігінің барлық дәлелдері бар.

«Олардың кінәсіздігінің барлық айғақтары қылмыстық іс материалында тігулі, барлығы: шарттар, орындалған жұмыстар актісі, шот-фактуралар және басқалары», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 қазан 2016, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.