Атырау, 19 сәуір 22:58
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Матаевтарға шығарылған үкім биліктің тәуелсіз БАҚ-тарға қолданатын шараларын көрсетті – Қазақстандағы АҚШ елшілігі

4 457 просмотра

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ– Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа шығарылған үкім биліктің тәуелсіз БАҚ-тарға қолданатын шараларын көрсетті, деп мәлім етті Қазақстандағы АҚШ баспасөз-атташесі Рэн Эльхай.

«Біз тәуелсіз БАҚ-тарға қолданылып отырған шараларға қатысты, атап айтқанда Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке шығарылған үкімде көрсетілгендей, сондай-ақ оның Қазақстандағы сөз бостандығы үшін тигізер салдарына өз алаңдаушылығымызды білдіреміз. (...) Оларға шығарылған үкім мен оның алдындағы сот тыңдаулары осы істі тергегенде заңда қарастырылған процедуралардың сақталуына және соттың объективтілігіне қатысты үлкен мәселелерді көтеріп кетті», - делінген елшіліктің бейсенбі күні таратқан хабарында.

Мәтінде айтылғандай, «онымен (Матаевтармен – ҚазТАГ) жұмыс жасағандар олар туралы құрметпен ой-пікірлерін танытып, олардың Қазақстандағы тәуелсіз БАҚ-тарды дамытудағы үлесін айтып отыр».

«Біз Қазақстандағы тәуелсіз БАҚ-тарға қойылып отырған шектеулерге қатысты халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын бөлісеміз. Серіктестік рухында біз Қазақстан үкіметін барлық азаматтардың өздерінің ой пікірлерін еркін білдіруге және лайықты құқықтық қорғануға деген құқығын қолдауға шақырамыз, олар фундаменталдық демократиялық құқық болып табылады», - деді елшіліктен.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 қазан 2016, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.