Атырау, 29 наурыз 04:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті қазақстандық билікті Матаевтарды қудалауды тоқтатуға шақырды

4 822 просмотра

Фото: Tengrinews.kzАлматы. ҚазТАГ – Қазақстандық билік Қазақстан журналистер одағы мен Ұлттық баспасөз клубының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ тәуелсіз ақпараттық агенттігінің директоры Әсет Матаевқа қарсы барлық айыптауларды тез арада алып тастауы керек, деп мәлім етті журналистерді қорғау комитетінен (CPJ).

«Қазақстан билігі тәуелсіз журналистер отбасының ізіне түсу арқылы өздерінің беделін түсіруде. Матаевтар активі Қазақстанда альтернативті пікірлерді айтуға және ақпарат ұсынуға қажет платформаны білдіреді. Біз билікті Матаевтардан барлық айыптауларды тез арада алып тастауға шақырамыз», - деп келтірілген Комитет мәлімдемесінде Еуропа және Орталық Азия бойынша CPJ бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огнянованың сөзі.

Бұл ретте мәлімдемеде Матаевтарға қарсы істе тапсырыс сипаты да бары атап өтілген.

«Бұған дейін Әсет Матаев CPJ-ге өзі мен әкесіне қарсы айыптауда тапсырыс сипаты барын айтқан еді. «Біз әрқашан тек шындықты айттық. Біз тек істің шын мәнісінде қалай болғаны туралы, нақты фактілер туралы айттық. Және ол биліктегі кейбіреулерге ұнамаса керек», - деді ол.

27 қыркүйектегі сот отырысы барысында Сейтқазы Матаев олардың ізіне түсудегі мақсат «олардың кәсіби қызметін, сөз бостандығы мен Қазақстандағы журналистердің азаматтық белсенділігін шектеу» деген болатын», - делінген құжатта.

Оған қоса прокуратураның Матаевтар үшін талап еткен түрме мерзімі де назардан тыс қалмады.

«БАҚ-тардың хабарлауынша, үкім дүйсенбі күні, 3 қазанда жарияланады. Прокуратура егер олар айыпты деп танылатын болса, сәйкесінше, Сейтқазы мен Әсетке ұзақ мерзімдерге, 6 жыл 8 ай және 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Одан басқа айыптаушы жақ журналистердің мүлкін тәркілеп, Әсет Матаевқа қамаудан босаған соң кәсіби қызметімен айналысуға үш жылға тыйым салды. Журналистердің жеке меншік мүліктері Ұлттық баспасөз клубының ғимараты болып табылады», - дейді CPJ.

Одан басқа, мәлімдемеде С. Матаевқа ем алуға кедергі келтіріліп жатқаны айтылады.

«Сейтқазы Матаев соңғы кездері денсаулығының нашарлап бара жатқаны туралы бірнеше рет айтқанымен сақшылар оның жалға алып тұрған пәтеріне медициналық көмек көрсетуге келген дәрігерлерді жібермей қойған. 23 тамызда соттың алғашқы отырысы кейінге қалдырылды, себебі Матаевтардың үлкені гипертониялық кризбен ауруханаға жатқызылды. Матаевтың комитеті, Сейтқазы Матаев қамауға алынған соң құрылған достары мен әріптестерінің тобы қазақстандық билікті бірнеше рет қудалауды тоқтатып, Сейтқазы Матаевтың ем алуына мүмкіндік беруін талап еткен», - делінген құжатта.

Мәлімдемеде сондай-ақ шетелдік журналистердің Сейтқазы Матаевты журналистикадағы танымал тұлға деп айтқандары келтіріледі.

«Матаев Қазақстан журналистикасында танымал тұлға. Билік оны физикалық тұрғыдан жоюға тырысуда (медициналық көмек алуға мүмкіндік берместен), бірақ олар оның рухын сындыра алмайды. Оның әріптестері, достары мен жәй ғана таныстары Сейтқазы айыпсыз екенін біледі. Ол және оның ұлы өте адал және принципшіл, кәсіби адамдар», - деді тәуелсіз ақпараттық Fergana порталының бас редакторы Даниил Кислов.

Одан басқа, CPJ, «Матаевтарды ұстаған соң, Еуропарламент өздерінің наурыздағы Қазақстандағы сөз бостандығына арналған резолюциясында тәуелсіз БАҚ-тарға жасалып отырған қысымға байланысты алаңдаушылығын танытты және Қазақстан билігін Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды қудалауды доғаруға шақырды», деп еске салды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қазан 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.