Атырау, 25 сәуір 22:38
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Тіркеу аяқталды, үгіт-насихат жұмыстары басталды

5 934 просмотра

Image 0Атырау облыстық сайлау округтары бойынша түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 414 үміткер тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болған брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ хабарлады.

- Үміткерлерді тіркеу 23 ақпанда аяқталды. Оның қорытындысы бойынша келесі мәліметтер беруге болады: облыс бойынша 134 округта 433 үміткер ұсынылып, 414-і тіркелді. Облыстық мәслихатқа 87 үміткер, қалалыққа 62, аудандық мәслихатқа 265 үміткер дауысқа түседі, - деп хабарлады Ибрашев.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, 365 үміткердің (88%) жоғары білімі бар, 8%-ы арнайы орта білім, 4%-ы орта білімге ие. 72% – ер адамдар, 28% - әйелдер. Үміткерлердің орташа жасы 44-те.

24 ақпанда сайлауалды үгіт-насихат басталды, бұл 18 наурызға дейін созылады.

Сайлаушылар үшін Атырау қаласында call-орталық ұйымдастырылды. 32-08-59, 32-03-58, 32-03-59 телефондары бойынша өз сайлау учаскеңізді нақтылап, алдағы сайлау туралы басқа да сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Азаматтар сайлау күні учаскеге келіп, сайлаушылар тізімінен өз атын таба алмай қалатын келеңсіз жағдайларды шешу үшін сайлау күні учаскелерде ХҚКО-лармен интернет байланыс ұйымдастырылады.

Вахташылар үшін арнайы көлік бөлініп, сайлау комиссиясының мүшелері оларға бюллетеньдерін жеткізеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор
24 ақпан 2016, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.