Атырау, 20 сәуір 01:54
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Экс-әкімнің ісі. Үкімдер өзгеріссіз қалды

6 713 просмотра

«Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ ісі» бойынша сотталғандардың шағымдарын Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі соттың апелляциялық сот алқасы қанағаттандырмады. Сотталушыларға қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Осы іс бойынша шешім 17 наурызда жарияланды.

Отырыс 6 минутқа созылды, оның ішінде Атырау облыстық әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлерге қатысты қозғалған  қылмыстық істер бойынша сотталушыларға шығарылған үкімдерге қатысты қаулыны оқып шығу бір минуттан аз уақыт алды.

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сотталушыларға: облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі 15 жыл); облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар ӘБДІРОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі 12 жыл); «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының бұрынғы орынбасары Ибрагим ӘМІРОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі 4 жыл); «Лизингтік жолаушылар компаниясы» АҚ бұрынғы жетекші инженері Азамат ҚҰРМАНТАЕВҚА (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимде 7 жыл); қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимде 4 жыл); облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимде 8 жыл); облыстық энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВҚА (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі 7 жыл); «Азиямаркетс» ЖШС бұрынғы директоры Қайыржан ҚАДЫРОВҚА (жалпы режимде 2,5 жыл); бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРІМОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге 3 жыл); «Батыстранспорт СИМ» ЖШС бұрынғы директоры Рахметолла АЛШЕНОВКЕ (мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимде 8 жыл); «Мемсараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ұлан ҚҰРАЛБАЕВҚА (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимде 7 жыл); «Мемсараптама» РМК бұрынғы бас директоры Тұрланбек ЖИЕНБАЕВҚА (мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимде 8 жыл); «Центрстрой ЛТД» ЖШС бұрынғы директоры Эдуард ДУРМАНОВҚА (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимде 5 жыл); «Аркаим 2005» ЖШС бұрынғы директоры Александр КУЗЕМАҒА (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимде 7 жыл); жұмыссыз Александр КОРИЦКИЙГЕ (мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимде 11 жыл); «Актобехаусконстракшн» ЖШС және "BNB Construction" ЖШС-лерінің бұрынғы бас есепшісі Гүлмира ӘЗБЕРГЕНОВАҒА (кінәсі дәлелденбегендіктен, тағылған айыптар бойынша толықтай ақталды) қатысты үкімі өзгеріссіз қалды.

Сотталушылар мен олардың адвокаттарының барлық өтініштерін қанағаттандырудан бас тартылды. Апелляциялық алқа сотталушылардың әрекеттерін саралау тұрғысында да, жаза тағайындай тұрғысында да соттың тұжырымдарын заңды деп танып, сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Төрағалық етуші судья Жайдарбек ДИАРОВ сотталушылардың қаулы жария етілген күннен бастап 6 ай ішінде кассациялық инстанцияға шағымдана алатындықтарын мәлімдеді.

Шешімді жариялаған кезде сотталушылардың туыстары мен мүдделі тұлғаларға лық толы залдың іші у-шу болып кетті: көпшілігі жылап жіберді, сотталушылардың кейбірі жүздерін қолдарымен көлегейледі. Залды орын болмай холлда жүргендер де эмоцияларын жасырмады. Шындығында, қаулы көпшілікті таң қалдырды: ондаған сотталушылардың шағымдарымен, қайта жасалған сараптама нәтижелерімен (олардың көпшілігі бастапқы сараптама жасау кезіндегі өрескел заң бұзушылықтарды анықтады), өтініштермен, жаңа куәгерлердің жауаптарымен және тағы басқалармен екі ай жете танысқан соң, сот алқасы нәтижесінде бірінші сот инстанциясының шешімімен даусыз келісе кетті. Процесс формальды өткендей әсер қалдырды.

Сот залында сотталушылардан тікелей комментарий алған кезде, олар екі инстанцияның қаулыларын «соттың шектен шығуы» деп атап, кассациялық шағым құқығын пайдалануға ниетті екендіктерін мәлімдеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қаната ЕЛЕУОВ

17 наурыз 2015, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.