Атырау, 29 наурыз 15:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Парламент Қазақстан мен Ресей азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімді бекітті

3 782 просмотра

Коллаж: newskaz.ruКоллаж: newskaz.ruАстана. 30 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстан парламент сенатының депутаттары бейсенбі күнгі алқа отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ның жобасын мақұлдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Сөйтіп, заң қабылданды деп есептеледі және елбасына қол қоюға жіберіледі.

«Келісіммен Қазақстан мен Ресей азаматтарының тараптардың аумағында құзыретті органдарда міндетті тіркеуден өтпестен-ақ 30 күн болудың оңтайландырылған тәртібін бекіту қарастырылған. Ратификациялау ел тараптарында болуды құқықтық реттеуге мүмкіндік береді. 2013 жылы 14 наурызда келісімді ресейлік тарап ратификациялаған», - деді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, заң жобасымен депутаттарды таныстырып тұрып.

Ол аталған заңның қабылдануы қазақстандықтардың РФ аумағында болуын оңтайландырады деп атап өтті.

«Сондай-ақ сауда-экономикалық қарым-қатынасты, инвестициялық климатты жақсартып, теріс әлеуметтік және құқықтық салдар тудырмайды және қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді», - деді ведомство басшысы.

ҚР парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, келісім ҚР және РФ азаматтарының тараптар аумағында құзыретті органдарда міндетті тіркеуден өтпестен-ақ 30 күн болудың оңтайландырылған тәртібін бекітуге бағытталған.

«Азаматтардың уақытша болу мерзімі бір тараптың азаматтарының басқа тарап аумағына кірген күнінен бастап есептеледі. Оны кірген тарап аумағына өткен кездегі шекара бақылау органдарының кірушінің көші-қон картасына салған белгісі растайды», - делінген құжатта.

Бір Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, көрсетілген азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті, делінген құжатта.

Аталған келісімге Астанада 2012 жылғы 7 маусымда қол қойылған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қазан 2014, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.