Атырау, 16 сәуір 23:27
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Экс-әкімнің ісі. Жарыссөз 1 қазанда басталады

7 437 просмотра

«Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚҚ» бойынша қылмыстық іс материалдарын қарау аяқталды. Сейсенбі күні, 16 қыркүйекте сот жарыссөзге дайын болу үшін үзіліс жариялады.

Бір аптадай уақыт процеске қатысушылар сотқа қатысушылардың өтініші бойынша талап етілген құжаттар мен заттай айғақтарды қарастырды. Сотталушы ШАРЫПКИНА одан тергеу кезінде қаржы полициясы алып қойған ноутбуктерінің қайтарылмағанын анықтады. Бірақ олар іс материалдарында да болмай шықты. Ол осы мәліметті хаттамаға енгізуді өтінді. Жарыссөздің басталуы 1 қазанға белгіленді. Сотқа қатысушылар мынадай жүйелілікпен сөз алады: прокурорлар, адвокаттар, заңды өкілдер, сотталушылар. Сондай-ақ, сотталушылар жарыссөзден кейін соңғы сөз алуға құқылы.

ПАВЛИЧЕНКОНЫҢ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ЭКСТРАДИЦИЯСЫ «Жалған кәсіпкерлік» топтамасы бойынша жауап алу шеңберінде Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ-на қатыстылығы үшін 2012 жылы қазанда бюджет қаржысын ұрлау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша Рысқалиевпен, Аманжан РЫСҚАЛИМЕН, Айбат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН, Рүстем ӘЛБАҚАСОВПЕН және басқалармен бірге (барлығы 13 адам) халықаралық іздеу жарияланған бизнесмен Олег ПАВЛИЧЕНКОНЫҢ аты жиі кездескен болатын. Бір қызығы, Павличенко – біздің қаржы полициясы анықтаған алғашқы қашқын. Биылғы жылдың ақпанында Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (ЭҚСКД) бастығының орынбасары Заңғар ЗАҢҚАНОВхабарлағандай, «СтройКонтрактГрупп» ЖШС-нің бұрынғы директоры Павличенко Мәскеуде 2013 жылдың 21 қарашасында ұсталған. Біз қаржы полициясына Павличенконың қазір қай жерде екендігі туралы сауал жолдаған едік. Ақтөбе облысының 43 жастағы тумасына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ол жалған тұлғалардан құрылған жалған кәсіпорынның есеп-айырысу шоты арқылы бюджет қаржыларын жымқырумен айналысты деп күдіктелуде. Күндердің күнінде ол сот алдына келер болса, оған мүлкін тәркілеумен қатар 12 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Облыстық ЭҚСКД ақпараты бойынша, «қаржы полициясының органдары ҚР Бас прокуратурасы арқылы Ресей Федерациясына экстрадициялау материалдарын жолдады. Өкілетті органдар О.Павличенконы ҚР ҚК-нің 235-бабының 3-тармағы («Қылмыстық қауымдастыққа қатысу»), 235-1-бабының 4-тармағы, 176-баптың 4-тармағының «а, б» тармақшалары («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету»), 192-1 («Жалған кәсіпкерлік»), 177-бабының 4-тармағының «б» тармақшасы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырады».

Күдіктіні көршілес Ресейден экстрадициялау процедурасына 10 айдан астам уақыт өткеніне сену қиын. Бұлыңғыр жауапқа қарағанда, нақты уақытын ешкім білмейді.

ДҮЙСЕНБАЕВ ІСПЕН ТАНЫСУДА

Ағымдағы жылы наурыздың аяғында Ақтөбе облысынан Жанболат ДҮЙСЕНБАЕВ екінші болып қамауға алынды. «АТГ Құрылыс» ЖШС директоры Ж.Дүйсенбаевты қамауға алуға 2012 жылдың қыркүйегінде санкция берілген еді. Сол кезде оған халықаралық іздеу жарияланды. Оған облыстың экс-әкімінің ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығының құрамында ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-тармағының «б» тармақшасы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша айып тағылып отыр.

- Айыпталушы Ж.Дүйсенбаев қазіргі кезде Атырау облыстық ҚАЖК тергеу изоляторында қамауда жатыр. Оған тағылған айып бойынша қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, - деп жауап берді облыстық ЭҚСКД бастығының бірінші орынбасары Асхат БІТІНБАЕВ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 қыркүйек 2014, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.