Барлық жаңалықтар

Элеваторныйдағы көлік кептелісі Атырауда

Элеваторныйдағы көлік кептелісі

Бүгін, 29 шілдеде таңмен Атыраудан шығар жол жабылғаннан кейін Элеваторный ықшамауданы жақтағы жол бойында жүздеген көлік шоғырланған кептеліс пайда болды. Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап 11 тамызға дейін көлік жолын жөндеуге байланысты Амандосов-Берғалиев қиылысындағы (айналма жол маңы) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бейнежазба 29 шілде, 15:22 786 рет қаралды
Тіркелмеген 25 қару тапсырылды Атырауда

Тіркелмеген 25 қару тапсырылды

Полиция 1 шілдеде бастаған заңсыз сақталудағы атыс қарулар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды алу акциясын жалғастыруда. Қазір жергілікті тұрғындар 25 атыс қару мен 104 оқ-дәріні тапсырған. Ал ерікті түрде қару-жарақ, оқ-дәріні тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады және ақшалай сыйақы алады. 28 шілде, 20:34 595 рет қаралды