Атырау, 24 июля 03:08
Утром ясно+28, днём +32
Курсы Нацбанка: $ 384.06  € 429.19  P 6.08
Объявление находится в архиве и может быть неактуальным.

Атырау қаласындағы «Қайнар» оқу орталығының...



Описание
Атырау қаласындағы «Қайнар» оқу орталығының ашылғанына екінші жыл. Оқу орталығында облысымызға танымал көп жылдардан бері білім саласында еңбек еткен тәжірибелі, үлкен беделге ие, СТГ мектебинин жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімдері және №34 көпсалалы мектеп гимназиясының қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің жоғары санатты мұғалімдері еңбек етуде. Қайнар оқу орталығының педагогикалық ұжымы мектеп табалдырығын алғаш аттаған шәкірттер мен бастауыш сыныптар сатысынан білім алатын балалардың білімінің жоғары деңгейде қалыптасуына барлық жағдай жасауда. Оқу орталығында білім алып отырған 1-4 қазақ және орыс сыныптарының оқушыларына оқу бағдарламаларына сәйкес үйге берілген тапсырмаларды меңгеріп қана қоймай, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосымша шахмат, каратэ, би үйірмелеріне қатысуларына толықтай мүмкіндік жасалған. Оқушыларға үш мезгіл құнарлы тегін тамақ беріледі. Оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне жауапты трансфер бөлініп, мектептен алып келу және мектепке апарып тастауға жайлы Тайота Хайс микроавтобусы қызмет етеді. Әрбір ата-ана өз ұрпағын бізге сеніп тапсырып отырғандықтан, оқу орталығының ұжымы ата-ана сенімін ақтауға дайын. Мектептегі оқушылар қабылдайтын орын санаулы болғандықтан, хабарласуға асығыңыздар! Байланыс телефоны: 87756892410, 87013280036

Объявление подано 10 апреля и просмотрено 562 раза