Атырау, 29 наурыз 12:52
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Полицейлер мен ұрылар

2 552 просмотра

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті өткен жылды қорытындылады. Барлығы 386 қылмыс анықталды, оның 131-і ауыр және аса ауыр болып табылады. Сотқа 331 қылмыстық іс жолданды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын 72,6 млрд теңгені құрады, 24,1 млрд теңге өндіріліп алынды. Келтірілген шығынды өндіріп алу мақсатымен 42,1 млрд теңгенің мүлігі қамаққа алынды. Жемқорлықпен күрес бойынша 118 қылмыс анықталса, оның 20-сы парақорлық, 28-і – сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, 24-і – қызметтік лауазымын асыра пайдалану бойынша және т.б.

Мұнай саласында 33 қылмыс анықталды. Заңсыз айналымдағы мұнайдың анықталған жалпы көлемі 1,2 млрд теңгені құрады. Қаржылық-экономикалық салада 230 қылмыс ашылды, оның 17-сі – жалған кәсіпкерлік, 6-ы – алкогольді өнімдердің заңсыз айналымы, 6-ы – жалған және әдейі банкроттық, 8-і – ойын бизнесі, 25-і – салықтан жалтару және т.б. бойынша. Мемлекеттік сатып алу саласында бюджет қаржысын жымқыруға байланысты 42 қылмыс анықталды. Қаржы полициясына жемқорлық қылмысты анықтауға көмек көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы 2012 жылы енгізілген ереже өз нәтижесін көрсетуде. Былтырғы жылы облыс тұрғындарының 20 хабарламасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған болатын. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған 16 атыраулықтың әрқайсысы 50-70 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы алды, барлығы 1 715 500 теңге төленді. Тағы төрт хабарлама қаралып жатыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 ақпан 2014, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.