Атырау, 28 наурыз 23:55
 ашықВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

13 млн. теңге бөлінді

2 302 просмотра

Қыс кезінде Мақат кентіндегі сегіз үйлік екі қабатты үй белгісіз жағдайда өртке оранып еді.

Өзі авариялық жағдайға жеткен, соғыстан кейін салынған үй өрт сөндірушілердің іс қимылына қарамастан біраз бөлігі жарамсыз болып қалған-ды. Бір күнде бар жиған тергенінен айрылып, ақ құйқа болып шыққан тұрғындарға жергілікті адамдар жәрдем берген болатын. Жергілікті билік оларды далаға тастамай, уақытша баспана да тауып берген. Осылайша қысты қиындықпен өткізіп шыққан жапа шегушілерге облыстық бюджеттен 13 млн теңге қаржы бөлінді.

 Ол ақша осы сегіз үй тұрғындарына баспана алып беруге жұмсалмақшы. Әрине, жұртшылық ренішін туғызбау үшін баспана өз ретіне қарай бөлінеді. Бүгінде тендер өтуде, егер өздеріне кенттен қажетті үй тапса алып беруге келісіп отырмыз. Қалай еткенде адамдар далада қалмауы тиіс қой, - дейді Мақат ауданы әкімі Қилымғали ҚАЙНЕНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 мамыр 2011, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.