Атырау, 25 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Әкімдік жұмысты тоқтатып тастады

2 383 просмотра

Индербор поселкесінде жаңа жұмыс орындары ашылғанына жергілікті тұрғындар қуанып-ақ отыр. Бірақ аудандық әкімдіктің кесірінен екі күн бойы жұмысшылар жұмыссыз тентіреп қалған.

Бетон құю жұмысымен айналысып жатқан «Спайдер групп плюс» ЖШС-і аудан көлеміндегі 25 адамды жұмысқа тартқан. Марат есімді жұмысшының айтуынша, әкімдіктің кесірінен екі күн бойы жұмыссыз қалып, нандықтарынан айрыла жаздаған.

 Прокуратурада «Спайдер групп плюс» ЖШС-нің бір топ жұмысшыларының аудандық әкімдік тарапынан бетон құю қызметін тоқтатудың заңдылығын тексеруді сұрап жазған арызы қаралуда. Қазіргі уақытта, жеке кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында аудандық прокуратураның жанында құрылған мобильдік топпен аудандық әкімдіктің серіктестік жұмысын тоқтату әрекетінің заңдылығы тексерілуде және алынған шаралар туралы қосымша хабарланады, - дейді Индер ауданы прокуроры Асқар ӨТЕБАХОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 мамыр 2011, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.