Атырау, 28 наурыз 19:45
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Bateman» есеп-шотпен төлегенді ұнатпайды

2 233 просмотра

«Bateman» компаниясы прокуратура араласқаннан кейін өзінің бұрынғы мердігері «СП «ИГС-Сичим» ЖШС-не миллиардтаған қарызын қайтарды.

Қарабатандағы зауыт құрылысы жөніндегі бұрынғы серіктестердің соттасуы және израильдық «Bateman Kazakhstan Oil & Gas Company B.V.» компаниясының шетелдік қызметкерінің тосыннан ғайып болуы туралы біз өткен жылы әлденеше рет жазған едік («АЖ» №32 – «Есеп-шотпен төлеместен ”Bateman” ғайып болды»). Естеріңізге салайық,  Қарабатандағы 27 қосалқы мердігер мекемелер (шамамен үш мыңдай жұмысшы) бірнеше ай бойына «Bateman» компаниясынан көк тиын да ала алмаған. Оған себеп – «СП «ИГС-Сичим» ЖШС-не 1 миллиардтай теңгеге бережақ боп қалғандықтан, сол компанияның талап-арызы бойынша шетелдік фирманың есеп-шотына тыйым салынуы болған. «Bateman» прокуратура араласқанға дейін 2010 жылғы 16 ақпандағы экономикалық соттың шешімін орындауды ұзаққа созған. Қала прокуроры Халидолла ДАУЕШОВТІҢ айтуынша, ҚР «Атқару өндірісі мен сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңын бұзуды жою туралы ұйғарым енгізілгеннен кейін миллиардтаған қарыз өндіріліп алынған. Айта кетелік, «ИГС-Сичим» ЖШС-де бес жүздей адам жұмыс істейді.

Бұл «Agip» компаниясының мердігері боп табылатын «Bateman» компаниясына қатысты ұзаққа созылған алғашқы дау-дамай емес. Биылғы жылдың наурызында «Bateman» компаниясының 128 қызметкері тер төккен еңбектерімен тапқан қаңтардағы жалақыларын алу үшін аумағы бойынша зауыттың құрылыс алаңы жататын Мақат аудандық прокуратурасына хабарласқан. Прокуратураның ұйғарымынан кейін 28 миллион теңге жалақы бойынша қарыздары төленген.

Лев ГУЗИКОВ

26 мамыр 2011, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.