Атырау, 19 сәуір 12:17
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

2 263 просмотра

Қап, бәлем!

Қызылқоға ауданына қарасты Көздіғара ауылдық округінің тұрғыны Рахман ЖАКУПОВ өзінің аңшылығын көпке дейін ұмытпайтын болды.

Ол таяуда Тайсойғанның шағылынан аңшылыққа бір рет шыққанда бірден 6 қасқырды соғып алды. 

***

 

Қыстақтар бақылауда

Қызылқоға ауданында мал шаруашылығымен айналысатын 169 шаруа қожалығы, бес ЖШС, бір өндірістік кооператив бар. Ең шалғай қыстақ 150 шақырымда орналасқан. Қыстың  қақаған аязында малшылармен байланыс үзілген жоқ.

- Мал (жылқыдан басқа ) қаңтардан бастап қолға тұрды. Шөп, жем жеткілікті деп отырмыз. Қыстақтармен байланыс бар. УАЗ машиналары жүріп тұр. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, -дейді Қызылқоға ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырғали  БАЗАРБАЕВ.

***

 

Бруцеллез азайып келеді

Тасшағыл ауылы округінің әкімі Мәлік ҚУАНЫШЕВ жуырда Тасшағыл ауылында карантиннің алынып тасталатынын хабарлады.

- Ауылда бруцеллезге оң нәтиже берген мал саны азайды. Өткен жылдың желтоқсанында 1 664 қой-ешкіден қан сынамасы алынғанда ауру табылған жоқ. Енді 10 қаңтардан кейін сол малдар екінші қайтара тексерістен өткізілмек. Егер таза шықса, онда карантин алынатын болады, -дейді М. Қуанышев.

Еске салсақ, Тасшағыл ауылында өткен жылдың 15 шілдесінен бастап бруцеллезбен ауырған малдың шығуына байланысты карантин жарияланған болатын.

***

 

Коньки тебетін болды

Махамбет селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешені жанынан мұз айдыны құйылды (суретте).

Оны салуға жергілікті бюджеттен 1 млн теңге бөлінген. Махамбет селосының әкімі Жақсылық МҮСЕПОВ мұз  айдынының орнында жазда футбол алаңы болатынын айтады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.