Атырау, 29 наурыз 06:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қаржы полицейіне пара бермек болған лауазымды тұлға қамауға алынды

2 843 просмотра
Өткен жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында қаржы полицейлеріне пара ұсыну фактісі бойынша қаржы полициясы 22 қылмыстық іс қозғады. Биылғы жыл басталмай жатып та ондай қылмыстардың бірнешеуі әшкереленді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айталық, 28 қаңтарда Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері ҚР Қаржы министрлігінің Алматы облысы Қазынашылық департаментінің басшысы Іргебаевты ұстады. Оған Алматы облысының Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Серікбаевпен алдын-ала сөз байласып, қаржы полициясының лауазымды тұлғасына «Жетісу Қала Кұрылыс» ЖШС мен облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуалды тексерісі бойынша жағымды шешім шығару үшін 900 мың теңге көлемінде пара берді деген айып тағылуда.

Іргебаев пен Серікбаевқа қатысты пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 қаңтарда Іргебаев сот санкциясымен қамауға алынды, Серікбаевтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Оған қоса, 2014 жылғы 22 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Ақ Мереке» ЖШС директоры А. Құрманбайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оған Төле би ауданының Көксаек ауылындағы ақыл есі кем балаларға арналған интернат ғимаратын жөндеу бойынша тексерісті тоқтату үшін 14 қаңтарда қаржы полициясы қызметкеріне 1 млн.теңге көлемінде пара берді деген күдік тағылуда. Құрманбай өз кінәсін толық мойындады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 ақпан 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.