Атырау, 29 наурыз 00:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мәскеуде Рысқалиевтің ҰҚТ мүшесі Павличенко ұсталды

3 391 просмотра

Олег ПАВЛИЧЕНКО.Олег ПАВЛИЧЕНКО.Мәскеуде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі – бизнесмен Олег ПАВЛИЧЕНКО ұсталды.

Атырау облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары Заңғар ЗАҢҚАНОВТЫҢайтуынша, «СтройКонтрактГрупп» ЖШС-нің бұрынғы директоры О. Павличенко Мәскеуде 2013 жылғы 21 қарашада ұсталған.

- Қазір ҚР Бас прокуратурасы оны экстрадициялау туралы мәселені шешуде, - деді Заңқанов.– Павличенко 2012 жылдың қазанында іздеуге берілген, іздеуді Атырау қаржы полициясы жариялады, Павличенкоға қатысты қылмыстық іс жеке өндірісте жүріп жатыр.

Ақтөбе облысында дүниеге келген 43 жастағы Павличенкоға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ол қылмыстық топ қатарында жүріп, жалған тұлғалар атына жазылған жалған кәсіпорындардың есепшоттары арқылы бюджет қаражаттарын заңдастыру ісімен айналысты деп айыпталуда. Оған дүние-мүлкін тәркілеумен қатар, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуі мүмкін.

Бүгінгі таңда Бергей Рысқалиев ҰҚТ-сымен байланысты қылмыстық іс бойынша тоғыз адамға халықаралық іздеу жарияланған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 ақпан 2014, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.