Атырау, 19 сәуір 16:21
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Өз ойыншыларымыздың орнына голландық келді

1 893 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет.«Атырау» ФК-ның баспасөз қызметі Денис РОДИОНОВ пен Бейбіт ТӘТІШЕВ енді облыстық «Атырау» футбол командасының ойыншылары емес деп хабарлады.

Атырау футболының екі шәкірті де туған клубынан өз қалаулары бойынша кеткен.

- «Атырау» ФК Д. Родионов пен Б. Тәтішевпен жұмыс жасауға мүдделі болған. Екеуі де желтоқсанда өткен оқу-жаттығу жиынына (ОЖЖ) шақырылды. Алайда олар командадан кетуге шешім қабылдапты. Қазір олар «Жетісу» (Талдықорған) командасында жаттығу жасап жатыр.

Баспасөз бетшесінде, сондай-ақ, «Атырау» ФК орталық қорғаушы және тірек жартылай қорғаушысы болып ойнайтын тегі марокандық голландиялық футболшы Софиан АКАУИЛИМЕН келісімге келгені жөнінде жазылған. 24 жасар голландиялық «Атырауға» Түркияда қосылды. Ол сол жерде екі жолдастық кездесуде ойнап, нәтижесінде клубпен келісімшартқа қолды.     «Атырау» командасының бапкері Қуаныш ҚАБДОЛОВТЫҢ айтуынша, «Ақтөбе» командасының шабуылшысы Сергей ГРИДИН командаға үміткер ретінде қаралуда. Ол 21 қаңтар мен 4 ақпан арасында Анталияда өтетін тағы бір жиынға шақырылды.    

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

Клубпен қоштасу

Баспасөз хабарламасы атыраулық екі ойыншыға қатысты ресми ұстанымды бейнелейді. Денис РОДИОНОВ пен Бейбіт ТӘТІШЕВ 2001 жылдан бастап клубтың негізі қаланған уақыттан бері «Атырау» ФК-ның құрамында ойнап келеді. Ол кезде 15-16 жастағы жасөспірімдер болатын. Олардың қазір осындай дәрежеге жетіп, елге танымал ойыншыларға айналуына себепші болған да осы клуб. Біз, редакциядағылар осы жылдардағы команданың бүкіл тәлімгерлерін есімізге алдық. Сөйтсек, Денис пен Бейбіт «Атырау» құрамында болған кезде, 20 шақты бапкерлердің (Талгаев, Голоколосов, Тимофеев, Аверьянов, Волгин, Еремеев, Андреев, Шох, Масудов, Пасулько, Мамедов, Азовский, Филипович, Коньков, Радулович және басқалар) тәлімін алыпты. Олардың ішінде аты аңызға айналғандар да, жанжалқойлары да, «нашарлары» да болды, бірақ жергілікті футболдың екі шәкірті де қазіргі «басшы» Анатолий ЮРЬЕВИЧТІҢ тұсында клуб құрамынан кетіп отыр.

Бейбіт ТәтішевБейбіт ТәтішевБіз Бейбіт Тәтішевпен кездескен едік.

- «Команданы өз еркіммен тастап кету шешіміме» қатысты айтарым, бұл мүлдем олай емес, - деді ол. –Мен футболшы ретінде ретінде «Атырау» командасының құрамында болдым, бұл менің өз клубым. Егер маған ұсыныс жасаған болса, мен ешқайда кетпес едім. Алайда желтоқсандағы жиын барысында бізге жаңа бас бапкер Анатолий Юрьевич бағдар жасаған кезде, менің биылғы маусымға шақырту алмайтыным белгілі болды.

- Сізге мұны ресми түрде мәлімдеді ме?

- Әңгіме сонда болып тұр ғой, олай етпеді. Бірақ менің клубта жүргеніме көп болды ғой, қаласың ба, жоқ па, алғашқы жиында-ақ айқын болатындығын білемін. Ал оны мынадай белгілер бойынша түсінуге болады: жаттығу кезінде басқа жігіттерден Түркияда өтетін қаңтардағы жиынға билет алу үшін құжаттарын, төлқұжаттарын әкелуді сұрады. Ал менен ештеңе сұрамады. Яғни, команда құрамында бұл жиынға бармайтыным белгілі болды. Сәл кейінірек маған  талдықорғандық «Жетісу» клубынан хабарласып, өзімді байқап көру үшін келуге шақырды. Маған өз клубымыздан ешкім жақындап келіп, жағдайды түсіндірмегендіктен, мен бұл ұсынысты қабылдадым. Ал енді қазір Денис екеумізге үміт артып, ал біз одан бас тартқандай болып отырмыз. Ең алдымен маған өз жанкүйерлеріммен түсінісіп алу маңызды. Егер басқа клубтың құрамымен «Атырауға» қарсы ойнауға келіп қалсам, маған өз туған стадионымнан ысқырып наразылық білдіргенін қаламаймын. Менің кеткім келмеген еді, бірақ менде басқа таңдау болған жоқ.

Денис Родионовпен телефон арқылы сөйлескенімізде, ол 2014 жылдың маусымында «Атырауда» қалмайтынын растады. Алайда анағұрлым толық комментарий беруден бас тартты.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, «Атыраудың» негізгі құрамында жергілікті шәкірттерден тек ЧУРЕЕВ, НҰРЫБЕКОВ пен ІЗБАСАРОВ қалған. Өткен маусымда негізгі құрамда біздікілер бес (енді 3), оған қоса «қосалқы негізде» ойнайтын үш ойыншы болды. Яғни, команданың басым бөлігі (бұл 22-23 ойыншы) – келісімшартта көрсетілген жалақылардан басқа, клуб есебінен баспанамен және үйлеріне бару шығындарымен қамтамасыз етілуі қажет таяу және қиыр шетелден келген легионерлер. Ал клуб қожайындарының – облыстық биліктің жергілікті ойыншылар мен келімсектердің ара қатынасын 50х50 етуге қол жеткізу туралы «көгілдір армандары» қайда? Әзірге оның орындалатын түрі көрінбейді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

22 қаңтар 2014, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.