Атырау, 19 сәуір 21:57
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Облыс активі Жолдауды талқыға салды

2 405 просмотра

20 қаңтарда «Атырау» мәдени орталығында Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Президенттің қаңтардағы Жолдауын түсіндіру үшін облыс активтерімен кездесу өткізді.

Облыс әкімі активке Жолдаудың негізгі кезеңдерін түсіндірді (Жолдаудың мәтінін қараңыз).

Облыс активі – бұл депутаттар, кәсіпорын мен мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері. Активті белгілі бір нақты себеп бойынша, мәселен, 2011 жылғыдағыдай өңір басшылығын ауыстыруға байланысты жинаса, залда болып жатқан жағдайға қызығушылық, ынта байқалар еді. Кезекті Стратегияны қабылдау немесе Жолдауды талқылау секілді ауқымды оқиға, неліктен екені белгісіз, активке әлдилегендей әсер береді. Кеме нық сеніммен алға жүзеді, оны басқаратын адам бар, ертеңгі күні де солай болады дегендей. Сол жақта отырған ханым қор ете түсті, жанындағы көршісі оны шынтағымен түртті, оң жақтағы ер адам қалғып-мүлги бастады... Ал әкімнің сөзі бар болғаны 20 минутқа созылды.  

Бірақ, әрине, бәрі де бейғам болмады. Сөз алуға дайындалғандар тізім бойынша Жолдауды оқып шықты, олардың айтарлары бар екен. Мәселен, Атырау немістер қоғамының төрағасы Александр ДУМЛЕР былай деді: «Егер осы жердегілердің бәрі, бүкіл облыс, бүкіл ел президенттің Қазақстан халқына жолдауының әсерінде жүр десем, қателеспеймін. Жыл сайын миллиондаған адамдар осы құжатты күтеді, өйткені президент Жолдауы – ел өмір сүріп, еңбек отырған сағаттарды салыстыру болып табылады. Президент жолдауын тыңдай отырып, мен 94-ші жылға еріксіз оралдым. Қарағандыда іссапарда болған кезде Нұрсұлтан Әбішұлының Қарағанды шахтерларының алдына шығып сөйлеген сөзін естіген едім. «Біз халық үшін экономикасы әлеуметтік бейімделген мемлекет құратын боламыз», деген еді ол сол кезде. 20 жылдан сәл астам уақыт өтті, ал біз Қазақстан-2050 туралы, біздің мемлекетіміздің ең күшті дамыған 30 елдің қатарына кіруі туралы айтып отырмыз. Біздің көптеген шетелдік серіктестеріміз әлі күнге дейін осыншама қысқа мерзім ішінде біздің осындай жетістікке қол жеткізгенімізді түсіне алмайды. Өйткені көптеген елдер үшін бәленбай ұрпақтардың еңбегі қажет болды. Қойылған міндеттерді орындау үшін дені сау қоғам керек. Дәрігер ретінде, мен елімізде жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі қайта құрудың өте қиын екенін жақсы түсінемін. Алайда оңды өзгерістер байқалуда, тіпті, мұны біздің облысымызды мысалға ала отырып, растай аламын».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қаңтар 2014, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.