Атырау, 29 наурыз 10:49
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Судың да сұрауы бар

2 898 просмотра

Көлік жуу орындарының иелеріне ауыз суды тағы да  өндірістік мақсатта қолдануға рұқсат берілді. Алайда, ол үшін бір ғана шарт - сумен жабдықтаудың айналма сызбасының болуы талап етіледі. 

Өткен жылдың аяғында олардың ауыз суды 1 қаңтардан бастап қолдануға тыйым салған хабарлама алғандығы естеріңізде болар. Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының  басшысы Бисен ҚУАНОВ өз ұстанымын түсіндірді: Атырауда шамамен 50 көлік жуатын орын бар, оның барлығы да ауыз суды қолдануда. Олар сол әрекеттерімен таза суды өнеркәсіптік мақсатта қолдануға тыйым салатын су кодексінің 72-бабын бұзып отыр. Бетон өнімдерін шығаратын кәсіпорындар және көлік жуу орындары тек қана техникалық суларды қолдануға тиісті. Алайда, бизнесмендердің өздері  қалада техникалық суға арналған жеке су желілерінің жоқ екендігін жақсы біледі. Көп жылдар бойы көлік жуатын орындар мен басқа да кәсіпорындар билік пен өкілетті органдар арасында жасалған меморандум негізінде ауыз суды қолданып келді. Өткен жылы меморандум мерзімі аяқталды.     

Міне, жақында билік тағы да Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясымен және «Атырау су Арнасы» КМК-мен келісім-шарт жасасты. «Атырау аумағында техникалық сумен жабдықтау құбыр желісінің жоқтығына байланысты көлік жуу орындарына ауыз суды 2014 жылға дейін қолдануға рұқсат беру ұсынылды. Және ол бір талаппен ғана берілмекші: кәсіпорында сумен жабдықтаудың айналма сызбасының болуы шарт. Егер ондай сызба болса және ол жұмыс жасап тұрса, онда рұқсат бере аламыз,-дейді Б.Қуанов. – Біздің тізімде 43 қалалық көлік жуатын орын бар, олардың тек 3-4-інде ғана сумен жабдықтаудың айналма сызбасы жұмыс жасайды. 16 көлік жуатын орында сызба жарамсыз күйде болса, қалғандарында мүлдем жоқ.  Кәсіпкерлер бізге жұмыс жасауға кедергі келтіреді деп жиі шағымданады, бұл жағдайда олардікі дұрыс емес. Кәсіпорын басшылары табиғат ресурстарын үнемсіз пайдалану бүкіл әлемде қатаң тексеруге алынатындығын түсінуі керек».

Бір сөзбен айтқанда, рұқсатты сумен жабдықтаудың айналма сызбасын іске қосатын көлік жуу орындары ғана ала алады. Ал, басқа кәсіпорындарға, жекелей алғанда бетон өнімдерін өндірушілерге қатысты мәселе әзірге шешілмеген күйінде қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 мамыр 2011, 01:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.