Атырау, 23 сәуір 20:28
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Маршруттар көбейіп, жеңілдіктер азайсын»

3 597 просмотра

Бұл ұсынысты қалалық әкімдікте «Батыстранспорт-СИМ» ЖШС директоры Рахметолла АЛШЕНОВ жасады. Ол өз сөзін №4, 6, 10, 15, 20 және 30 маршрут автобустары  «Мерей», «Көктем, «Дина», «Мұрагер» базарларының және теміржол вокзалының маңындағы қиылыстарда бағдаршамдар болмағандықтан сағаттап тұратындығын тілге тиек етумен бастады. Автобустардың ара қашықтығы таксистердің аялдама қалташықтарында олардың орындарына тұрып алуы салдарынан бұзылатындығын айтты. Норма бойынша автобус аялдамаларының арасы 400-ден 800 метрге дейінгі қашықтықта болуы тиіс. Бірақ №4, 10, 15, 20 маршрутта аялдамалардың қашықтығы ұзақ. Сондықтан жолаушылар өз қалауларынша жол жиегіне тұрып алады. Бұл да автобустардың кідіруіне әкеп соғады.

«Теміржол вокзалының аялдамасына бір уақытта қала маршрутындағы 15 автобус тоқтайды. Оған қоса таксистер де тұрады, - деп сөзін жалғастырды Р.Алшенов. – Осы себепті №4 маршруттағы автобустар Баймұханов көшесінің бойына тұрақ жасауға мәжбүр. Соның салдарынан төртінші маршрут жүргізушілері бірнеше рет жол-көлік оқиғасына ұшырады. Біз №4 маршруттың соңғы аялдамасын «Дина» базарына қайтаруды өтінеміз. Бұдан басқа, қала қанатын жайып, жаңа ықшам аудандар мен поселкелер көбейе бастады. Кейбір автобус маршруттарының ұзындығы 20 километрге дейін көбейген. Автобус соңғы бір аялдамадан екіншісіне жеткенше көп уақыт өтеді. Бұл жолаушылар шағымына негізгі себеп боп отыр. Сондықтан біз автобус маршруттарының ұзындығын қысқартып, олардың санын көбейтуді өтінеміз».

Алшенов, сондай-ақ, сабақ кезінде оқушылар үшін жолақының тегін екендігін де айтып өтті. «Биліктен олар үшін 20 теңге мөлшерінде төлемақы енгізуді сұраймыз. Сегіз жыл бұрын жолақы 20 теңге болғанда, олардан 10 теңге алған едік қой». Қаланың бас тасымалдаушысының нені мегзеп отырғанын кез-келген бірінші сынып оқушысы түсінері сөзсіз. Маршруттардың ұзындығын қысқартып,  автобус сандарын көбейтсе, автобус паркіне екі есе пайда түсері анық. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

26 мамыр 2011, 00:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.