Атырау, 18 сәуір 09:24
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Арзан тамақтан аудандар дәм тата алмай тұр

2 924 просмотра

Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін биылғы жылы жергілікті бюджеттен жарты миллиондай теңге бөлінді. Әзірге бұл бағдарламаны тек облыс орталығының халқы ғана қолданып отыр. Аудандарға «арзан» азық-түліктің аз көлемде жіберілетіндігі белгілі болды. Оған жергілікті операторларда қызығушылықтың болмауы себеп болуда.

Облыстық әкімдікте өткен кезекті азық-түлікке қатысты мәжілісте шенеуніктер алдымен төменгі бағамен азық-түліктер Қызылқоғадан басқа аудандардың барлығына жіберілді деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, транспорт шығындары есебімен азық-түліктің үстеме бағасы тауар бірлігі үшін 2-5 теңгені құрайды. Алайда, баяндамашы облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ мәлімдемесінен кейін, аудандық операторлар сатып алған күдікті кішкене көлемдегі өнімдер туралы мойындай келе, істің басқаша бағыт алып отырғандығын мәлім етті.

- Операторлармен болған жеке әңгімелерде олар, мәселен, 20 кг. күріш үшін облыс орталығына барғанша,  өздеріне, яғни, ауданға тауар әкеліп беретін тұрақты жеткізіп берушілерінен сатып алғанның тиімді екендігін айтады. Азық-түлік өнімдерін үлкен көлемде сатып алу және сақтау үшін жергілікті операторлардың қаржылары жеткіліксіз және қоймалар жоқ,-дейді орын алған жағдайға түсінік бере кеткен Индер ауданының әкімі Жанкелді РАХМЕТҚАЛИЕВ және  «Атырау» ӘКК директоры Сағын ЛҰҚПАНОВ.

- Кәсіпкерлер бағасы төмендетілген азық-түлікті азғантай айырма үшін сатып ала қоймайды,- дейді Асқар БИСЕНОВ. Ол бағдарламаның бас операторы - «Асыл-Агро» ЖШС-нің директоры.

Индер ауданы әкімінің пікірінше, азық-түлік өнімдерін орталықтандырылған жүйемен сатып алу және оларды аудандарға бөлу экономикалық жағынан алғанда тиімсіз екен. Ол қаржыны аудандарға бөліп, негізгі операторды таңдап алып, сонымен жұмыс жасауды ұсынды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВТІҢайтуынша, бастапқыда облыс орталығы мен қала маңындағы халықты арзан азық-түлікпен қамту болжамдалған еді. Содан кейін ғана бағдарламаға аудандардың қажеттілігі үшін қойма құрылысы мен автокөлік сатып алу енгізілді.

Атырау қаласына келетін болсақ, шенеуніктер  бұл жерде бәрі өз жолымен жүргізіліп жатқандығын  айтады. Дәстүрге айналып үлгерген сенбілік жәрмеңкелерде азық-түліктер базарлар мен супермаркеттегілерден 15-20 пайызға арзандау. Ал, 15 маусымнан бастап, мұндай жәрмеңкелер қаланың барлық аудандарын қамтитын болады.  

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ егіс алаңдарының артуының төмендігіне  әкімдерді кінәлады. Бірінші кезекте, бұл климаты барынша қолайлы, суы бар деп есептелетін  Махамбет және Индер аудандарына қатысты. «1-2 %»  өскен цифр бізді таң қалдыра алмайды. Ол кем дегенде 5-7% болуы керек», - деп талап етті Дәукенов.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 мамыр 2011, 01:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.