Атырау, 24 сәуір 20:17
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

К.Роналду "Алтын доп" иегері атанды

3 208 просмотра

Кеше түнде 2013 жылды қорытындылаған ФИФА Цюрих қаласында жылдағы дәстүр бойынша әлемнің ең үздік футболшыларын анықтады. Бұл жолы "Алтын доп-2103" жүлдесі Португалия ұлттық құрамасының және мадридтік "Реал" командасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға бұйырып отыр.

Дәл осынау атақты иемдену үшін Роналдумен бірге мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы француз Франк Рибери мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси де үміткер атанған болатын. Дегенмен, бұл жолы португалдық спортшының бағы жанды.

Айта кетейік, бұған дейін үш жыл қатарынан "Алтын доп" жүлдесін Л.Месси жеңіп алған болатын. Ал, Роналду осынау атаққа екінші рет қол жеткізді. Бұған дейін ол 2008 жылы әлемнің ең үздік футболшысы атанған болатын.

Мамандар әйелдер арасындағы мықтыларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Биылғы трофей Германания ұлттық құрамасының қақпашысы Надин Ангерерге бұйырып отыр. Ол өзінің негізгі қарсыластары атанған американдық Эбби Уомбах пен Бразилия сұрмергені Мартаны басып озды.

Ал, ФИФА-ның символикалық құрамына мына футболшылар еніп отыр:

қақпашы - Мануэль Нойер (Германия), қорғаушылар: Филипп Лам (Германия), Серхио Рамос (Испания), Тьяго Силва (Бразилия), Дани Алвес (Бразилия), жартылай қорғаушылар: Андрес Иньеста (Испания), Хави (Испания), Франу Рибери (Франция), шабуылшылар: Криштиану Роналду (Португалия), Златан Ибрагимович (Швеция), Лионель Месси (Аргентина).

Жылдың ең үздік голы деп Златан Ибрагимовичтің Англия ұлттық құрамасына салған голы танылды.

Ал, 2012-2013 жылы "Бавария" командасын жаттықтырған неміс маманы Юпп Хайнкес жылдың ең мықты бапкері атанды. Әйелдер арасында бұл атақ Германия құрамасының бапкері Сильвия Найтқа беріліп отыр.

Дереккөз: Baq.kz

14 қаңтар 2014, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.