Атырау, 19 наурыз 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Оқиғалар тізбегі

3 100 просмотра

Полицияға Жилгородоктың 40 жастағы тұрғыны шағымданды: биылғы жылдың наурызында ол 32 жастағы алаяқ әйелдің құрбандығына айналыпты. Әйел пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде етіп, одан 300 мың теңгесін алған. Күдікті тергеу изоляторына тоғытылды, тергеу ісінде тағы осындай бірнеше қылмыстар тіркелген.

***

 

Полицияға 36 жастағы ер адам хабарласты: жыл басында одан 42 жастағы таныс әйел құны 600 мың теңге тұр атын тоңазытқышын алып, қайтармапты. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қала маңындағы Томарлы поселкесінің 25 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды. 29 жастағы алаяқ әйел пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның 950 мың теңгесін қалтаға басып, өзі ғайып болған. Күдікті ұсталды.

***

 

Атырау қаласының тұрғыны биылғы жылдың қаңтарында 29 жастағы слесарьдың оның көлігін жөндеп беремін деп уәде беріп, 75 мың теңгесін алып, келісімді орындамағанын және ақшаны қайтармай қойғанын полицияға мәлімдеді. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Құлсары тұрғыны қараша айында 12 жасар ұлын мектеп жанында 24 жастағы ер адамның ұрып-соққанына шағымданды. Күдікті ұсталды.

***

 

Полицияға Құлсарының 64 жастағы тұрғыны шағым түсірді. 5 желтоқсанда өзіне Жаңа Қаратоннан қонақтыққа келген 45 жастағы туысы 7 жасар немересін итеріп жіберіп, басын жарақаттапты. Бұзақыға іздеу жарияланды.

***

 

Атырау-Астрахань тас жолында Жанбай селосының маңында Исатай АІІБ қызметкерлері «Лада» ВАЗ-21144 көлігін тоқтатқан. Салонда 100 келі жаңа ауланған бекіре еті болған. Балық 49 жастағы жолаушыға тиесілі екен.

***

 

Желтоқсанның 15-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Теңіз селосында белгісіз біреулер көшеде тұрған ВАЗ-2106 көлігінен автомагнитоланы қолды қылған. Ұрлық жасады деген күдікпен Исатай ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

***

 

Полицияға  46 жастағы әйел адам шағымданды: оның аудан орталығы Аққыстаудан келген 27 жастағы пәтер жалдаушысы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі төлемақысын төлемей, қарыздар болып (160 мың теңге), пәтер құлыбын ауыстырып, қожайын әйелге есігін ашпайды екен.

***

 

Желтоқсанның 9-да күндіз Құлсарыда ЖШС-лердің бірінің жатақханасында «жергілікті» екеу Батыс Қазақстаннан табыс табуға келген 40 жастағы ер адамды ұрып-соққан. Жылыой ауданының Тұрғызба селосының 40 жастағы тұрғыны мен Аққұдық селосының 30 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

 

Желтоқсанның 11-де тал түсте Исатай ауданының Жасқайрат деген елді мекенінде АІІБ полицейлері «Тойота Ланд Крузер» джипін тоқтатты. Көлік жүргізушісі қашып кетті. Салонда 284 келі сазан болған. Көлік АІІБ ауласына жеткізілді. Қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды.

***

 

Желтоқсанның 11-де Балықшы поселкесіндегі букмекерлік кеңседе 22 жастағы келуші ұтыс тігуге еліккендігі сондай, қалтасынан 90 мың теңге мен құжаттар салынған әмиянын қалай суырып кеткенін байқамай қалған. Күдіктінің жеке басы анықталды, бұл Атыраудың 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

***

 

Атырау қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды: әлдебір алаяқ пластик терезені орнатуға уәде етіп, алдын ала 90 мың теңгесін алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

 

Желтоқсанның 11-де Алмагүл ықшамауданындағы кафеден өзіне көңіл білдіріп жүрген жігіттен, Ақсай селолық округінің 30 жастағы тұрғынынан 50 мың теңге салынған әмиянын ұрлап кеткен 20 жастағы қыз іздестірілуде.

***

 

Желтоқсанның 12-сіне қараған түні Әуезов көшесінің бойындағы кафеде қала маңындағы Томарлы поселкесінің 23 жастағы тұрғыны Ракуша поселкесінің 30 жастағы тұрғынынан «Нокиа» ұялы телефонын тартып алған. Тергеу жүргізілуде.

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.