Атырау, 25 сәуір 04:37
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Егер облыс әкімі әйел болса ше...

3 028 просмотра

Атырауда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Шаңырақ 2008» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырған «Көшбасшы әйелдер мектебі» деп аталатын семинар-тренинг болып өтті.

«Шаңырақ» жетекшісі Жанар ИЛЬЯСОВАНЫҢ айтуынша, семинарға ұлттық-мәдени орталықтардан 40 шақты әйел қатысқан. Оларға мемлекеттік шенеуніктердің: облыс әкімінің, ІІД, ҰҚКД, жұмыспен қамту бөлімінің, көші-қон қызметінің, қоғамдық бірлестіктер бастықтарының, сондай-ақ, Қарабатандағы шетелдік фирмалар директорларының рөліне ену ұсынылған. Әрбіреуіне ықтимал штаттан тыс жағдай сценарийі берілген. Мәселен, ашық қақтығысқа ұласқан жергілікті және басқа жақтан келген жұмысшылардың арасындағы дау (бұл орын алып тұратын жағдай). «Құзырлы» әйелдерден даудың себептері мен оны шешу жолдары туралы өз пікірлерін айтуды өтінді. Даудың себептері туралы түрлі пікірлер айтылды: ҰҚК мен құқыққорғау органдарының жеткіліксіз жұмыс жасауы, еңбек жағдайы мен еңбекақы төлеудегі теңсіздік, тіпті кейбір өз қыздарымыздың тым «жеңіл» жүрістері. Дауды реттеу тәсілдеріне қатысты тіпті қиынға түсті. Бұл түсінікті де, өйткені нақты билігі бар мемлекет қызметкерлерінің өзі мұндай кабинеттен тыс жағдайлардан «қалқып» өте шығады.

Ұсынылған екінші ахуал да қызықты көрінді: олигарх өзі өскен селосына қомақты 300 мың доллар ақшаны сыйға тартады. Село әкімдігінің алдында оны қайда жаратсақ екен деген міндет тұрады. Қазақ ұлтының өкілдері селодан мешіт салдыруды ұсынса, орыс ұлтының өкілдері орыс мектебін (селода тек қазақ мектебі) салуға тілек білдіреді. Семинарға қатысушылар арасында «аудандық әкім» таңдалынды. Қалғандарын екі топқа бөлді. Біреуі әкімге ауылға мешіт қажет екенін дәлелдесе, екіншісі ауылға орыс тілді мектеп салу қажеттігіне көз жеткізеді. Тренингке қатысушылар арасында қызу пікірталас басталды. Олардың бірінің пікірінше, мектеп қажет: «Балаларымыз аудандық мектепке барады, ал бұл ауылдан бірнеше километр қашықтықта орналасқан. Ана ретінде күн сайын жолда әлденеге ұшырап қала ма деп, балам үшін қорқып отырамын. Мен осы ақшаға мектеп салу қажет деп есептеймін. Оны қазақ мектебіне бере алмаймын, өйткені оған сабақ оқыту маған қиын болады».

Оның оппоненттері мешіт салдыруды қолдады. Келтірген дәлелдері мынау: Қазақстанда, соның ішінде ауылда тұрып, қазақ тілін үйреніп, қазақ мектебінде оқытуға болады ғой. Ал халыққа мешіт, құдайға құлшылық ететін орын қажет.

Қатысушылар ортақ пікірге келген жоқ, бірақ қоғам үшін маңызды проблеманы талқылау тұрғысында өздерін байқап көрді. Тренинг ұйымдастырушыларының пікірінше, оған қатысушылар ықтимал көшбасшылар бар екендігін көрсеткен.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

19 мамыр 2011, 02:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.