Атырау, 20 сәуір 16:40
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сөмке ұрлаушылар ұсталды

2 608 просмотра

Полиция қызметкерлері банк клиенттерінің автокөліктерін ұрлаған қылмыстық топты ұстады.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша,олар банк клиенттерін аңдып, олардың көліктерін қалдырып кеткен сәттерін пайдаланып, тапа-тал түсте машина есіктерін ашып, ондағы қымбат деген дүниелерді жымқырып кеткен. 11 мамырда олардың бұл әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Таңертеңгілік сағат 10-ның шамасында «Арын» базарының жанында қалдырылған көліктің терезе әйнегін сындырып, ақша мен екі ұялы телефонды қолды қылған қылмыскерлер сол күні-ақ тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Қылмысты топтың құрамына бес адам кірген. Олардың үшеуін облыс орталығынан, ал, қалғандарын жасырыну мақсатында көрші облысқа кетіп бара жатқан Атырау-Орал тас жолында қолға ұстаған. Тергеу болжамдары бойынша, олардың еншісінде бес оқиға бар көрінеді.

Қала прокурорының аға көмекшісі Магамед ЭСЕНБУЛАТОВТЫҢ қосымша хабарлағанындай, ұсталғандардың уақытша тұрған пәтерлеріне жүргізілген тінту барысында заттай айғақтар – ұялы телефондар, сөмкелер және барсеткалар табылған. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Лев ГУЗИКОВ

19 мамыр 2011, 02:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.