Атырау, 25 сәуір 09:52
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды

3 768 просмотра
Бүгін астана уақытымен таңғы 02:53-те Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-21М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды.

Ол үш күннен кейін ХҒС-ға станса мен экипажға арналған жүкті жеткізеді. Бұл туралы бүгін ИТАР-ТАСС-қа Федералды ғарыш агенттігінен хабарлаған.

«Союз-У» алдын ала белгіленген уақыт бойынша Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан 00:53-те ұшырылды», - деп нақтылады Ресейғарыш өкілі.

«Жүк көлігі» бұл жолы ХҒС-мен бұрынғы үш күндік кесте бойынша түйіседі. Ол 30 қараша күні 02:28-ге жоспарланған.

«Прогресс М-21М» бортында станса мен экипажды қамтамасыз етуге қажетті 2,5 тоннадан асатын түрлі жүк бар. Оның ішінде стансаға тиісті жанармай мен құрылғы, ауа, су, ғарышкерлерге арналған киім мен тамақ, сонымен бірге ғылыми тәжірибелерге қажетті медициналық қамтамасыз ету құралдары мен қосымша бөліктер бар.

Қазіргі уақытта ресейлік Михаил Тюрин, Сергей Рязанский, Олег Котов, НАСА астронавтары Майкл Хопкинс пен Ричард Мастраккио, сонымен бірге, Жапонияның ғарыш агенттігінің астронавты Коити Ваката ХҒС-дағы орбиталық вахтада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 қараша 2013, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.