Атырау, 24 сәуір 04:29
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жанармайдың тосын сыйы

2 810 просмотра

«Гелиос» желілік жанар-жағармай стансаларында АИ-92маркалы бензин жоғалып кетті.  Автокөлік иелерінің арасында сол-ақ екен жанар-жағармайдың айтарлықтай қымбаттауы туралы алып-қашпа әңгімелер тарап та үлгерді.  

Көрші тұрған Ресейде не болып жатқандығы баршаға аян: қайда барсаң да бензиннің тапшылығы, адамдар бензинді ыдыс-ыдысқа толтырып, жинап алуда. Милицияға (полицияға) белгісіз біреулердің автокөлік бактерінен бензинді құйып алатындығы туралы шағымдар түсе бастаған.

Бізде де жыл басында бензин бағасы әлденеше рет өскен болатын. Сараптамашылардың пікірінше, оның өзі сол ресейлік қымбатсудың салдарынан туындаған екен. Бұл әсіресе, үлкен көлемді қозғалтқыштары бар автокөлік  иелеріне қиындау соқпақ. «Егер жыл басында мен мың және мың жарым теңгеге толық бензин  алып жүрсем, енді маған 2-3 мың теңгеге дейін жұмсауға тура келеді. Бір мың теңгеге бензин құйдырар болсам, көрсеткіш тілі орынынан қозғалмайды да», - дейді  «Тойота-Прадо» машинасының иесі Айдарбек.

«Гелиос» компаниясының ресми сайтында АИ-92 маркілі бензин бағасы 11 мамырдағы жағдай бойынша 91 теңге, АИ 95 – 107 теңгені құрайды деп көрсетілген. Алайда, АИ-92 бензинін тек Восток ауданындағы «Арын» құрылыс базарының маңындағы жанар-жағармай стансасынан ғана алуға болады. Басқа стансаларда олар тіптен жоқ, оған оларда жазылып тұрған жазбалар дәлел.

 «Гелиос» желісі Қазақстандағы 61 елді-мекендегі 250 жанар-жағар май стансаларын қамтиды, «Гелиостың» корпоративті клиенттері де аз емес. Сондықтан да бұл аса жағымды жаңалық емес. «Гелиосте» 92 маркілі бензиннің бағасы 2010 жылдың желтоқсанында 88 теңгеден 2011 жылдың қаңтарына дейін 91 теңгеге дейін өсті. Және осы бағамен тұрақтап қалды. Ал, 95 маркілі бензин құны ауытқып тұрды, жыл басында ол- 105 теңге болды, артынша-109 теңгеге дейін көтерілді. Одан кейін баға қайтадан 105 теңгеге төмендеді. Осы бағамен біраз уақыт тұрды. Кейін АИ-95 106 теңгеге дейін тағы да көтерілді, ал, осы аптада оның бағасы-литрі үшін 107 теңге болды.

«Гелиос» компаниясының өкілдері жақын күндерде ресми ақпарат беруге уәде етіп отыр және олар бағаларға қайта есептеу жүргізгендерін және бензин бағасын көтеру туралы табиғи монополияларды реттеу агенттігіне тапсырыс бергендерін, сондай-ақ жауап күтіп отырғандықтарын жасырмады.   

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

11 мамыр 2011, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.