Атырау, 19 сәуір 08:00
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Майдангерлер есімі есте қалады

3 966 просмотра

7-мамырда қала көшелеріне соғыс ардагерлерінің есімін беру салтанатты рәсімі өтті.

Московский өткелі енді Мәскеу түбінде шайқасқан даңқты Панфилов дивизиясының аға лейтенанты Дүйсен СҮЙЕСІНОВТІҢ есімін алды. Соғыстан кейін ол «Доссормұнай» МГӨБ бастығының орынбасары, Мақат аудандық партия комитетінің екінші хатшысы боп жұмыс істеген. Ардагер 1964 жылы 42 жасында қайтыс болған.

«Космос» кафесінің маңындағы Семей көшесі енді Жасен САДЫҚОВТЫҢ есімімен аталады. Ол 1941 жылы өз еркімен майданға аттанып, сапер болған. Жауынгердің баспаған жері қалмайды – Мәскеу түбінде, Украинада, Белоруссияда, Польшада, Германияда, Манчжурия жерлерінде болады. Көрсеткен ерліктері үшін Жасен Садықов Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Ардагер 1962 жылы қайтыс болған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

11 мамыр 2011, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.