Атырау, 20 сәуір 14:37
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өртте екі әйел қаза болды

2 819 просмотра

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 3 қарашада таңғы сағат 5-те Атыраудағы Огородный көшесінің бойындағы №83 жеке үйде өрт болды.

Өрт сөндіру жасағы өртті бір сағаттан кейін тұйықтап, сағат 7-де өшірді. Өрт алаңы 60 шаршы метрді құрады. Күл орнынан екі мүрде табылды. ТЖ ақпараты жартымсыз. Сондықтан қайғылы оқиға болған орынды «АЖ» сол жерден білмек болды. Көршілердің айтуынша, үйде 40-тар шамасындағы екі әйел адам өртеніп кеткен. Олардың бірі марқұм күйеуін еске алу дастарханын жайыпты. Таңға қарай көршілер тарс еткен дыбысты естіген, содан соң үйді жалын ораған. Шамасы, өрт газ құрылғысының ақауы салдарынан орын алған болуы керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 қараша 2013, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.