Атырау, 19 сәуір 07:49
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

3 418 просмотра

Қазанның 22-де таңертең су полициясы мен табиғат қорғау прокуратурасының біріккен рейді барысында Каспий теңізінен бортында Дамбының 18 және 20 жастағы тұрғындары бар моторлы қайық ұсталды. Қайық ішінен 210 келі сазан, 91 келі табан балық, 47 келі қаракөз және бір итбалық табылған. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қазанның 22-де тал түсте Индер ауданының Өрлік ауылында үй ауласына қойылған көліктен белгісіз біреулер 2 жылу радиаторын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 22 және 16 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталып, олар жасаған істерін мойындады. Радиаторлар қожайынына қайтарылды.

***

 

Қазанның 23-іне қараған түні Доссор-Құлсары тас жолының 5-ші шақырымында «Мицубиси-Ланцер» седаны аударылып қалды. Құлсары қаласының тұрғыны, 22 жастағы жүргізуші сол жерде көз жұмды. Оның жолаушысы жеңіл жарақат алды.

***

 

Қазанның 24-іне қараған түні №1 полиция бөлімшесіне 35 жастағы қала тұрғыны хабарласты: Балықшыдағы «Атаба» дүкенінің маңында оны белгісіз ер адам пышақпен жарақаттаған. Полиция жасағы шабуылдаушыны ұстады. Ол 35 жастағы Балықшы кентінің тұрғыны болып шықты. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

***

 

Қазанның 26-да күндіз Атырау-Астрахан тас жолындағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінде жүргізушілердің бірі май құюшының кассасынан 48 мың теңгені ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қазанның 26-на қараған түні белгісіз біреулер кілт салып қарау арқылы Привокзальныйдың 3-ші ықшам ауданындағы пәтерді тонап кеткен. Ірі сомада зергерлік бұйымдар қолды болды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қазанның 26-на қараған түні жалғыз ұры терезені сындырып, Томарлы поселкесіндегі дүкеннің ішіне кірмек болғанда, оны қожайындары ұстап алған. Ол қаланың 18 жастағы тұрғыны боп шықты. ҚР ҚК-нің 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

31 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.