Атырау, 28 наурыз 23:26
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жаңа басшылар тағайындалды

5 019 просмотра

Асан РАУШАНОВ.Асан РАУШАНОВ.25 қазанда облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұжымдарына олардың жаңа басшыларын таныстырды.

Бұл екі лауазым орны ұзақ уақыт бойына бос тұрған еді. Атап айтқанда, облыстық спорт басқармасының басшысы Қазбек ИМАНҒАЛИ шілденің аяғында денсаулығына байланысты отставкаға кеткен болатын. 4 айдан кейін оның орнына 1964 жылы туылған Асан РАУШАНОВ тағайындалды. 2007-2012 жылдары ол қалалық әкімдіктің дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды. Ол бұған дейін облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің мониторинг бөлімінің басшысы боп қызмет атқарған еді.

Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВАлтынбек НЫСАНҒАЛИЕВОблыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Әуез ҚҰЛЖАНОВ өз қалауымен, бірақ жанжалмен жұмыстан кеткен болатын. Оған қаржы полициясы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай шаралар өткізуге бөлінген700 мың бюджет теңгесін ұрлады деп айып таққан еді. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырумен қатар, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. 

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынтағы 5 ай бос тұрды. Енді бұл орынға осыған дейін облыстық «Атырау» футбол командасының баспасөз хатшысы боп жұмыс істеген, 1955 жылы туылған Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВ тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 қазан 2013, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.