Атырау, 19 сәуір 15:48
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бір аптада 40 миллион теңге табыс тапқан "Сен және мен"

3 333 просмотра
Режиссер Сәкен Жолдастың "Сен және мен" мелодрамасы отандық прокаттың алғашқы аптасында 40 миллион теңге табыс тапты.

300 мың долларлық бюджеті бар романтикалық комедия 10 қазанда Қазақстан прокатына шыққан еді. Бір демалыс ішінде өз шығындарын толықтай ақтаған фильм алдағы уақытта табыс алып келетіні сөзсіз.
Еліміздің бірнеше қалаларында прокатқа шыққан Сәкен Жолдастың алғашқы толықметражды жобасы Қазақстанмен шектеліп қалмай, Өзбекстан мен Қырғызстан прокатына да шығарылмақ.
Туындының продюсері Әлия Меңдіқожинаның айтуы бойынша киноның түсіруге дайындығы біржарым жыл бұрын басталғанымен, түсірілімнің өзі 25 күнге ғана созылыпты.
Фильмде бас рөлдерді Динара Бақтыбаева мен Жандос Айбасов сомдаған.

Дереккөз: Baq.kz

18 қазан 2013, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.