Атырау, 20 сәуір 03:23
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілді

12 644 просмотра

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік бағдарлама Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес әзірленген», - деді ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығынан.

Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Бұл мақсатқа қол жеткізу діни экстремизм және терроризм профилактикасы шараларын жетілдірумен, аталған көріністерді анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттырумен, сондай-ақ экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шаралары жүйесін жетілдірумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте бағдарламада профилактикалық жұмыс пен нысаналы топтар арасындағы ақпараттық-насихат жұмысын жаңғыртуға жұртшылықты кеңінен тартуға баса назар аударылған», - делінген ақпаратта.

Бағдарламада көзделген профилактикалық іс-шаралардың көпшілігі алғашқы рет іске асырылатын болады және ел тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымына сүйенеді, ол сайып келгенде қоғамда толерантты діни сананы және радикалды идеологияға деген иммунитетті күшейтуге мүмкіндік береді.

Тұтас алғанда, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: bnews.kz

2 қазан 2013, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.